Айгерім МАМЫРОВА, жас әнші: ​"Талант бар, ақша бар, таныс жоқ..."

0
19 646

​Бұл қыз тек «хит» әншілермен ән шырқайды. Әндері де хитке айналады, бірақ оны үлкен концерттерден сирек көреміз. Оның себебін жас қыз «таныстың жоқтығынан...» деп түсіндірді. Өнер әлеміндегі жаңа есімдердің бірі Әйгерім Мамыровамен бейнебаян түсірілімінің арасында бірер сұрақтар қойып үлгердік.


Айгерім МАМЫРОВА, жас әнші: ​

Бұл қыз тек «хит» әншілермен ән шырқайды. Әндері де хитке айналады, бірақ оны үлкен концерттерден сирек көреміз. Оның себебін жас қыз «таныстың жоқтығынан...» деп түсіндірді. Өнер әлеміндегі жаңа есімдердің бірі Әйгерім Мамыровамен бейнебаян түсірілімінің арасында бірер сұрақтар қойып үлгердік.

ERNUR.KZ: Сәлем, Айгерім! Сіздің біршама танымал әндеріңізді білеміз, қазір шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар бар?

Айгерім Мамырова: Соңғы жаңалығым дәл қазір жаңа әніме бейнебаян түсіріп жатырмыз. Шынымды айтсам, екі сағаттық ұйқымен жүрмін, сондықтан да сұқбатқа уақытында жауап бере алмадым (күліп). Одан бөлек студияда тағы да әндер жаздырып жатырмыз.

ERNUR.KZ: Көптеген танымал әншілермен дуэт жаздыңыз. Сіз үшін кіммен ән айтқан шығармашылық және танымалдылық түрғыдан пайдалы болды?

Айгерім Мамырова: Мен ол дуэттерді өзімнің пайдам үшін жаздырған емеспін. Өзімнің қалаған әншілеріммен жаздым, бала кезімнен Еркін (Нұржанов. ред) ағаның әндері ұнайтын, Ал Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдуллин өзімнің бірге жүрген достарым. Сол себепті ешқандай пайда емес, қалауым үшін айтқанмын. Жақсы көрген әншілеріңмен ән айтқан жақсы ғой (күліп).

ERNUR.KZ: Өнер жолы - қиын, оңайлату үшін қандай амал істеп жатырсыз?

Айгерім Мамырова: Өнер жолы оңай, егер сіздің жақсы, сенімді продюссеріңіз болса ғана...

ERNUR.KZ: Өзіңізді мерекелік концерттерден жиі көрмеуімізге не себеп?

Айгерім Мамырова: Талант бар, ақша бар, таныс жоқ...

ERNUR.KZ: Сіздің есейгеніңізді сезіндіретін қандай естелік бар?

Айгерім Мамырова: Дәл қазір ата- анамнан жырақта жүргенім...

ERNUR.KZ: «Қызға қырық үйден тиым» дейді. Сізге ең жиі айтылатын тиым қандай еді?

Айгерім Мамырова: Көп айтатыны, сол ұйқы туралы сияқты (Күліп). Қызыл іңірде ұйықтама дегенді жиі еститінмін. Ал қалған күнделікті нарселерге ескерту жасайтындай бұзбаған сияқтымын... Бала кезден естіп өскесін сақ болдық қой.

ERNUR.KZ: «Қыздың еркесінен сақта» дегенмен келісесіз бе? Әлде еркелік жарасады деп есептейсіз бе?

Айгерім Мамырова: Жоқ келіспеймін! Әр нәрсе өз орнымен болса қызға еркелік те жарасады. "Қыз қылығымен "дегендей, "Қылықсыз қыз ,иіссіз гүлмен тең" ғой.


ERNUR.KZ: «Махаббат мелодиясы» деген әніңіз бар. Керемет! Өмірдегі мелодияңыздың «бірінші дауысын» орындайтын адам табылды ма?

Айгерім Мамырова: (Күліп) Жо-о-оқ! Тамылмады...

ERNUR.KZ: Қандай жігіттерден аулақ жүресіз?

Айгерім Мамырова: Жандары жібектен нәзік жігіттерден аулақ жүремін әрі ондайларды жек көремін.

ERNUR.KZ: Қазіргі таңдағы «хит» жігіттермен дуэт айтып жүрсіз. Келесіде кіммен ән шырқағыңыз келеді?

Айгерім Мамырова: : Мейрамбек Бесбаев және Қайрат Нұртас ағаларыммен.

ERNUR.KZ: Замандастарыңыздың әніне құлақ түрсеңіз... Шыны керек көпшілік әнші қыздардың әнінен жігіт үшін, жыладым, күйдім, жандым дегенді еститін болдық. Бұл тенденция неліктен пайда болды деп ойлайсыз?

Айгерім Мамырова: Шынымды айтсам, білмейді екенмін. Жауап бере алмаймын...

ERNUR.KZ: Айгерім, бізге уақыт бөліп сұрақтарымызға жауап бергініңізге көп рақмет! Шығармашылық табыс тілейміз!

Фото: @aigerim.mamirova_official

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ

Айгерім Мамырованың "Сағынғанда" әніне түсірілген бейнебаяны: