«Бәрi отанын сатып кеткен жоқ» : Аланиядан үй алған өнер адамдары не дейді?

0
3 004

«Азық-түлік бағасы біздің елге қарағанда арзан, көкөніс пен жеміс-жидек жыл бойына үзілмейді».


«Бәрi отанын сатып кеткен жоқ» : Аланиядан үй алған өнер адамдары не дейді?

«Статистика бойынша 70 мың қазақ Түркияға көшiп келiптi. 70 мың әртiс емес, ескерiңiз. Бәрi отанын сатып кеткен жоқ. Өзге елден үй алып жалға берiп, жазда өздерi отбасымен демалысқа келiп, кетедi», - дейді түрік еліне саяхаттап қайтқан белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарап. Соңғы жылдары ол жаққа тек саяхаттап қана қоймай, Түркиядан, оның ішінде теңіз жағасындағы курортты қала – Аланиядан үй алып жатқандар баршылық.


Асау толқынды жағажайлар, тау жоталары, таңғажайып үңгірлер, шығанақтар, буырқанған теңіз және қарағайлы ормандар бұл ондағы көрікті жерлердің толық тізімі емес. Тарихқа айналып үлгерген өткен 2021 жылы Түркияның дәл осы Алания қаласынан пәтер алған өнер өкілдерінен осындай суреттеу, сипаттауларды естіген болатынбыз. Олардың біразы Түркияға түбегейлі қоныс аударып та үлгерді. Мәселен, Айнұр Тұрсынбаева Стамбул қаласына карантин кезінде тұрақтады. Ал танымал отандық әнші Индира Расылханның Стамбулға қоныс аударып, пәтер жалдап тұрып жатқанына екі айға жуықтады. Ал Біз таңғажайып Аланиядан үйлі болған жұлдыздардың топтамасын жасаған едік. Алания несімен таңғажайып, несімен тартымды?!


«Әр қазақтың қалталы болғаны, елден де, шет елден де үйлі болғаны мені қуантады»




Қазақтың белгілі әншісі Алтынай Жорабаева Alanya Homes компаниясымен тығыз жұмыс істеп келеді. Өткен жылдың желтоқсан айында оның жолдасы Алишер Нұр-Сұлтан қаласынан alanyahomes.kz компаниясын ашты. Алтынай ханым соңғы екі жыл қатарынан Аланияға отбасымен саяхаттаған. Тіпті, ол жақтан пәтер де алып қойған.


– Alanya Homes арқылы өзімізге пәтер сатып алдық. Біздің пәтеріміздің құрылысы 2022 жылы аяқталады. Бұл жердің табиғатының әдемілігін, ауасының тазалығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тұрғын үйлердегі апартамент те ыңғайлы, балконы кең, алдыңнан теңіз менмұндалап тұрады.


Алғаш осы елден пәтер алған кезімде, «Қанша теңге, қалай алсақ?» деген сұрақтар көп болды.
Мен түбегейлі көшкен жоқпын, ешкімді де көшуге үгіттемедім. Өзің келгенде демалып, елде жүргенде жалға беруіңді де ұйымдастырып беретін @alanyahomes.ru компаниясын Алла маған кезіктіргеніне қуаныштымын.


Біріміз жетістікке жетсек, екіншіміздің ішіміз қылпылдап қалатыны қиын.
АЙТҚЫШТАРДЫҢ өзіне осы мүмкіндік берілсе, патриот деген шет елден үй алмау керек деп айтар ма екен? Шет елде нәпақаны тек ән айтып табу керек деген заң жоқ. Ризық әркімге Алланың қалауымен беріледі.


Тағы да айтамын! Мен елден көшпеймін! Көшуге үгіттемеймін! Әр қазақтың қалталы болғаны, елден де, шет елден де үйлі болғаны мені қуантады.


Елімдегі кәсібім, шет елдегі үйім, жұмысым немесе басқа да нәрселер менің еліме деген махаббатыма, халқыма деген құрметіме шәк түсірген емес, - дейді әнші.


Аланиядағы үйіміздің аты – «Қарлығаш ұя салған»




Аланиядан пәтерге қол жеткізгендердің бірі – Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның отбасы. Жұлдызды жұп балаларымен бірге осы жазда курортты қалада демалып келген-ді. Қарақат ханым туған күнін сол жақта қарсы алып, жақын, жанашырларымен тойлап та еді.


– Бұл жақтағы үйіміздің аты – «Қарлығаш ұя салған». Алания деген курортты қала. Ақ теңіз. Жерорта теңізі. Қанша қарасаң да көз тоймайды. Климаты өте жағымды, ауасы өте таза. Бұл қалада көп адамдар денсаулығын реттеу үшін тұрып жатыр. Себебі, зауыт-фабрика деген жоқ, - дейді Қарақат ханым.


Айта кету керек, Қарақат Әбілдина қазіргі таңда Alanya Homes компаниясының ресми серіктесі.


«Ақшамызды шаша бермей, үй алдық»




Ал танымал әнші Мадина Сәдуақасова туған күніне Аланиядан пәтер алып, өз-өзіне сыйлық жасады.


– Ақшамызды әрі-бері шаша бермей, бір үй алып қояйық дедік. Демалысқа келгенде отель емес, өзіңнің дап-дайын үйіңе барған жақсы емес пе?! Осы жердегі @royal_club_alanya арқылы келісіп сатып алдым, бұлар бағаны күшті түсіріп береді екен.


Ол жақтан үй алу үшін мен Аланиядағы @royal_club_alanya компаниясымен келістім ! Олар сол үй алуымды бастан аяқ жүргізді: күтіп алды, үйлерді көрсетті, таңдатты, үй иелерімен, құрылыс компанияларымен жолықтырды, бағасын түсіртті. Ұнатқан пәтерімнің құжаттарын толық тексерді, келісімді өздері жасады. Қол қойып ақшаны оларға, үйді маған аударған сәтке дейін қолыма Тапу (правоустанавливающий док- т) біз сол пәтердің иесі деген құжатты ұстатып, бір-ақ жіберді! Бір сөзбен айтқанда, барлығын ұйымдастырған @royal_club_alanya! Үй алам десеңіздер, сенімді, тексерілген компаниямен жұмыс жасаған жөн! - дейді Мадина.


«Аланиялықтар қазақтарға құрметпен қарайды»



Қазақ эстрадасындағы «Ринго» тобының продюсері, көптеген жобалардың авторы Алуа Қонарованың Аланияға қоныс тепкеніне 1 жарым жылдан асыпты. Алуа ханым Аланияға пандемия басталмас бұрын сонда өмір сүріп жатқан анасын іздеп барамын деп, артынша локдаун басталып кетіп, ойда жоқта қалып қойған екен. Сөйтіп, қазақ өнерінің сахнасында 20 жылға жуық талантты әншілерді дайындап, танымал продюсерге айналған жан өзге елде бір сәтте «Ешкім» болмай қалғанын ұғынады. Себебі, онда өзінің оң жамбасына келетін жұмыс бірден табыла қоймайды. Өзін жоғалтып, қайта тапқан продюсер анасымен бірге бір жылдың ішінде Аланиядан пәтер сатып алады.


Алуа Қонарова да түріктердің қонақжайлығын, ондағы жағдайды баяндады.


– Мен Түркияға түбегейлі қоныс аударған жоқпын. Анамның денсаулығына Аланияның ауасы жақты. Одан соң карантинде концерт, тойлар тоқтап, менің жұмысымның да уақытша тоқтауына байланысты осында қоныс аудардым.


Сіздерге бұл жаққа түбегейлі көшіп келуге кеңес бермеймін. Одан да екі елде келіп, кетіп жүрген жақсы. Ал жұмыс істеуге келсеңіз, міндетті түрде түрік тілін білуге міндеттісіз. Онсыз күн көру қиын. Түріктер сізді құшақ жайып қарсы алады деп айта алмаймын, себебі, олар үшін біз жәй шетелдікпіз. Ниетіңізге қарай жұмыс табуға болады, бірақ, көп ақша табу қиындау. Ең төменгі айлық жалақы 150 мың теңге.


Бұл жақтың адамдары жақсы, мейірімді, қазақтарды сыйлайды. Бірақ, арасында алаяқтар да кездеседі. Климаты демікпесі, аллергиясы барларға және тыныс алу жолдары ауыратындарға өте жайлы. Мұнда қыс болмайды. Қыс айларында ауаның орташа температурасы +14 °. Сол үшін де тұрғын үйлердің құрылысы жыл он екі ай тоқтамайды. Ал жазда өте ыстық және ылғалды.


Азық-түлік бағасы біздің елге қарағанда арзан, көкөніс пен жеміс-жидек жыл бойына үзілмейді. Алания ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етіп отыр: банан, авокадо, апельсин, мандарин, т.б. жемістерді өзге елдерге экспорттайды.


Қазақстандықтар бұл жерден белсенді түрде жылжымайтын мүлік алып қоюда. Өйткені, бұл жақта үй бағасы да анағұрлым арзан. Одан соң, инфрақұрылымы мықты. Маусым кезінде пәтерді жақсы бағаға жалға беруге болады, - дейді Алуа ханым.


Дайындаған Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:

«Біздің халық «проблема» деген сөзді көп айтады» : Айнұр Тұрсынбаева проблеманы жеңу туралы айтты


«Өз елімізде өгей балаға айналдық» : Қыдырәлі Болманов медаль берілмегеніне меңзеді



Бөлісу