"Анасының баласы" - КІМ? НЕГЕ? ҚАЛАЙ?

0
2 034

Жолдасыңыз "анасының баласы" болса, не істеуге болады?


фото: ашықдереккөзден

"Әкесінің қызы" деген ерекше мақтанышпен естілсе, "анасының баласы" деген мазақ болып естіледі. Оны анасын ерекше жақсы көргенінен-ақ оңай байқауға болады. Бірақ, қазір мұндай жігітпен бақытты отбасын құру қиындау екені қоғамда көп талқыланып жатады. НЕГЕ?

"Анасының баласы" деген кім?

Көпшілік "Анасының баласы" атап кеткендер – есейсе де анасынына жаны жақын ересек еркек. Кез келген ісін анасымен ақылдасады және үнемі ақылын тыңдайды. Ер-азаматтың мұндай әрекетінің негізгі себебі – бала кезде мінезді анасының шектен тыс қамқорлығына бөленуі және анасының сөзінсіз бір қадам да жасамаған. Барлық жерде анасы қорғап, қауіптің алдын алып,кіммен дос болу керек, кіммен болмау керек екенін, күн салқында бас киімсіз сыртқа шықпауын қадағалап, тентектік жасауға тыйым салып отырған деп мінездеме береді мамандар.

Бұл жағдайлар баланың ынжықтығын күшейте түседі. Тіпті, анасының кейбір айтқандары ұнамаса да өз ойындағысын айтпай, қарсы келмей келіседі. Үнемі анасының көңілінен шығуға тырысады.

Толыққанды, әкесі бар отбасының баласы да анасының айтқанынан шықпайтын ынжық болып өсуі бек мүмкін. Оған әкесінің бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі немесе анасы бар міндетті өз қолына алғаны себеп болуы мүмкін.

Бала бойындағы ер мінезділікті дамыту үшін 5-7 жасында анасының жанынан гөрі, әкесінің қасында көбірек жүргізіп бастау керек. Егер бала 14-17 жасқа дейін еркек болуды үйренбесе, онда екінші мүмкіндікті пайдалану керек, яғни жасөспірім шақта. Ол үшін ер-азаматтармен көбірек араласуына мүмкіндік беру керек.


Ер-азаматтың анасының айтқанынан шықпайтынын мына белгілер арқылы біле аласыз:

  • Егер ол күнде анасына хабарласып тұрса және күні бойы не істегенін тізбектеп айтып берсе
  • Барлық нәрсенің өзі үшін істелетініне үйреніп қалғандықтан менмендеу келеді
  • Анасымен ақылдаспай ешқандай шешім қабылдамайды және оны тыңдайды
  • Анасы да жиі қоңырау шалып, баласының есейіп қалғанына қарамай «қарның тоқ па», «жылы киіндің ба» деген сұрақтар қояды
  • Кездесіп жүрген кездің өзінде-ақ ең алдымен анасымен таныстырады
  • Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты толықтай анасына айтып отырады. Сондықтан енеңіз балама былай қара, мынандай нәрсе істе деп айтатын болса, онда таң қалмаңыз
  • Анасы ол үшін бар жағынан мінсіз. Анасын үнемі әйеліне үлгі етіп, әр ісін салыстырып отырады
  • Анасына қаржы жағынан тәуелді болуы мүмкін. Қаражатты өзі тапса да, оның жаратылғаны туралы толық есеп беріп отырады. Тіпті, тапқан қаражатын толық анасына беріп, кейін бөліп алатындар да жетерлік
  • Ер-азаматтан жолдастары аз, көбіне әйел адамдармен жақсы сөйлеседі
  • Үй тіршілігін істеу қолынан келмейді, барлығын анасына сеніп тапсырған


Анасына жақын еркектердің артықшылығы мен кемшілігі

Иә, есейсе де кішкентай бала ұқсап анасының дегенімен жүретін ер-азаматтардың біршама артықшылықтары бар:

  • Өте мейірімді және қамқор
  • Қамқор әке, бірақ мәселені шешпейді және жауапкершілікті мойнына алмайды
  • Әйелге не керек екенін жақсы түсінеді
  • Қайтымы тез

Ал, кемшілігі:

  • Ол үшін анасы – шындықтың соңғы сатысы
  • Шешім қабылдауға қорқады
  • Ықылассыз
  • Бар жауапкершілікті жұбайына арта салады
  • Өзіне көп көңіл аударғанын қалайды


Жолдасыңыз "анасының баласы" болса, не істеуге болады?

Егер сіз өзіңізге осындай ер-азаматты таңдаған болсаңыз, онда оның өміріндегі басты әйел болмайтыныңызға көнуіңізге тура келеді. Араларыңызда үнемі анасы тұратын болады.

Қайта тәрбиелеуге тырыспаңыз және екінші анасы болуға дайын болыңыз. Отбасының бар жүгін өзіңіз сүйрейтін боласыз. Енеңізді жамандаудан, ұрсып қалудан сақ болыңыз. Бірақ жеке өміріңіздің шекарасын белгілеп қойыңыз.

Егер жақсы амал, тәсіл таба білсеңіз мұндай ер-азаматқа айтқаныңызды істете аласыз. Мақтап, мадақтап отырсаңыз тілалғыш, елгезек баладай болады. Оларға бұйыра сөйлеуге болмайды, ондай болса бірден ренжіп, бар сырын анасына ақтарады. Ал ол кісі бар ашуын сізден алуы мүмкін.


Мұндай еркектер қауіпті ме?

Анасымен арадағы қарым-қатынас – бұл ортақ тәуелділік. Олардың арасын алыстатуға тырысқан кез келген жан, агрессияға тап болуы мүмкін.

Анасына қатты жақын ер-азаматпен жақсы отбасын құра алатын әйелдер де бар. Ондай әйелдердің өзі де ата-анасынан алшақтамаған және енесінің құнды нұсқауларын тыңдап, орындай алатындар. Мамандаркөбіне сау қыз-келіншектерге мұндай қарым-қатынастан аулақ болуға шақырып жатады.

Жоғарыда айтқандай анасынан ажырамаған ер-азаматты қайта тәрбиелей алмайсыз. Бөлек тұрғанның өзінде анасымен ақылдаспай қоюға тыйым салу мүмкін емес. Сондықтан ең алдымен өзіңізге кім керек екенін анықтап алуды қажет етеді.


Дайындаған: Э. Әбілханқызы,

ERNUR.KZ.