Әйелдік қасиеттеріңізді жоғалтып алған жоқсыз ба?

0
3 291

Барлық әйелдің қалауы біреу-ақ – ӘЙЕЛ болу, өзін ӘЙЕЛ сезіну, ӘЙЕЛ бақытын сезіну. Сырттай басқаша көрінгісі келуі мүмкін, бірақ ішкі түйсігі тек ӘЙЕЛ болуды қалайды.


Әйелдік қасиеттеріңізді жоғалтып алған жоқсыз ба?


Барлық әйелдің қалауы біреу-ақ – ӘЙЕЛ болу, өзін ӘЙЕЛ сезіну, ӘЙЕЛ бақытын сезіну. Сырттай басқаша көрінгісі келуі мүмкін, бірақ ішкі түйсігі тек ӘЙЕЛ болуды қалайды.

Дегенмен, «мына заманда әйелдік қасиеттердің барлығы бірдей керек пе?» деген де ой қылаң береді. Заманның өзі шыр айналып, әркім өзі қалағанынша өмір сүріп жатыр емес пе? Өз қалағанынша киінеді, өзі қалағанындай ұстанымы бар. Тіпті, «мынадай болу керек» деген жиектемеден еркін шығып жатқан жайы бар. Сонда да болса әйел әйелдігін сақтап қалуы тиіс пе?

Әрине! Әлемде әйелдік нәзіктік, әйелдік тәтті қылық пен әйелдік мейірімділіктен асқан жағымды нәрсе жоқ. «Бәр қолымен әлемді тербету» деген де осы. Сондықтан да әйел әйелдігін жоғалтпақ емес, жоғалтуға болмайды да. Әйел әйелдік қалпын жоғалтқаннан бастап оған деген құрмет пен түсіністік те ұмытылады. Қоғамның өзі әйелдік нәзіктік пен мейірімге мұқтаж. Бұлай болып тұрған кезде әйелдер қалайша ең басты қасиетінен бас тарта алады? Олай болса тепе-теңдік те жоғалмай ма?

Десек те, осы бір ең қажетті қасиетті жоғалтып алуға әйелдің өзі себепші болатын көрінеді. «БАЛА. КҮЙЕУ. ҮЙ.» деген бағдарлама аясында өмір сүрген әйелдің бір кездері өзінің әйел екенін ұмытатыны белгілі. Рас, тұрмыстың қажеттіліктер жағадан алғанда адам екенімізді де ұмытып кететініміз бар. Бірақ оған да жол беріп отыра беруге болмас.

Әйелдің әйелдігінен ажырататын басты жайттарға назар аударайық. Сырттай білдірмегеніңізбен, мұны көпшілігіңіздің құптайтыныңыз анық.

Әбігерлік

Әбігерге түсу, сәл жағдайға әбігерленіп, абыржып кету – әйелдің басты жауы. Оның басты себебін қарастырып, щещіп тасмаса, сан шаурадан әбігерге түскен әйелдің өзіне уақыты бола қоюы қиын. Ал әйел болған соң өзіңе де бірауық уақыт бөлу ҚАЖЕТ!

Араласатын ортаның тым көп болуы

Тойға барсаңыз, шаршап келесіз бе? Дәмді ас, көңілді музыка аясында билеп, таныс-туыстарыңызды көріп бір жасап қалсаңыз да, үйге келгенде әбден қалжырағаныңызды сезесіз. Неге?

Себебі, көпшілік орта қуат бермейді, керісінше, бойыңыздағы қуатты тартып алады. Көпшілік ортада үзіліссіз көп болған сайын бойыңызда күш-қуат та сарқылы бермек. Не істеу қажет?

Әлбетте, бірауық жалғыз қалып, кеткен қуат орнын дұрыс тынығумен толтырып отырған жөн. Одан басқа, араласатын ортаны өзіңіз үшін азайтқан тиімтді. Жер бетіндегі барлық адаммен араласа беру мүмкін емес. Туыстар, дос-жаран, тамыр-таныс та солай.

Ыңғайсыз киім

Мұнда киімнің жарасымдылығынан бөлек, оның ыңғайлылығы да маңызды. Бойыңызға құйып қойғандай жарасқанымен, ішінде өзіңізді сыңғайсыз сезініп, жүріс-тұрысыңызға кедергі келтіріп жатса, оны кигіңіз де келмес. Оған қоса, мазасыз күй кешкендіктен ол іс-әрекетіңізге, көңіл-күйіңізге де әсер етпей қоймайды.

Әйелдің ішкі күйі жайсыз болса, ол бірден сыртқа беріледі, алыстан көрініп-білініп тұрады. Сондықтан, киімді таңдағанда күнделікті қалыптасқан өміріңізге сай әрі әйелдік нәзіктікті де қатар сыйлайтын киімді таңдай білу керек. «Жұмысым сондай ғой» деп киімнің бәрін кең немесе бірыңғай еркін стильде таңдауға болмайды.

Жарасымсыз шаш үлгісі

«Ойыңда не болып жатқаны – сыртқы бейнеңнен байқалады». Байқасаңыз, көңіл-күйі қалыпты жайда жүргендердің жүзі де тартымды болады. Ал оған әсер ететін факторлар көп. Солардың бірі – шаша үлгісі. Әсіресе, әйелдер үшін...

Айнаға қарағанда да көңілді түсіріп жіберетін жағдайдың ең біріншісі де осы шаш үлгісі емес пе?! Сондықтан өзіңізді көңілді, әртүрлі шаш үлгісімен де қуанта жүру қажет. Шаш үлгіңіз ұнамай ма немесе жалықтырып жіберді ме, онда тез арада өзгертіңіз. Өзгерткенде де ол жарасымды, әйелдік жарасымдылықпен үйлесуі керек.

Әшекейге деген артық әуестік

Иә, әйелдің болмысын әшекейлер де аша түседі. Бірақ артық кетудің не қажеті бар?!

Әшекейді киімге, күнделікті өмір сүру салтына, баратын ортаға қарай таңдаған дұрыс. Ал оның бағалы болуы маңызды емес.

«Әшекейді еркек сыйлайды, әйел тағады».

Көңіл-күйдің тұйықтығы

Көптеген әйелді суық та тартымсыз етіп көрсететін – көңіл-күйдің өзгерісін жабық ұстап, сыртқа білдірмеуге тырысу. Күлу, жылау, айғайлау, қуану, ренжу және т.б. сәттерді дер кезінде сыртқа шығарып тұрмаса, әйелдерде ішкі психикалық ауырлық туғызып, ол ағзаға да кері әсерін тигізеді. «Ыңғайсыз, болмайды» деумен бәрін ішке жинау беру дұрыс емес. Кейде жылап, кейде рахаттана күлген де дұрыс. Қажеті болса айғайлап та алу керек.

Ашушаңдық, долылық

«Бетінен зәрі төгіліп...» деген сөз тіркесі бар қазақта. Мұны жақсы адамға қарата айтпайды. Қашан көрсең ұрысқа бейім, ашушаң, мейірімсіз жандарға қарай қолданады.

Осыдан барып-ақ әйелді сүйкімсіз, тартымсыз көрсететін әрі сол арқылы бақытсыз етіп байқататын қасиеттің бірі – долылық екендігін біле беріңіз.

Ендеше бойдағы ашушаңдық пен өшпенділіктен құтылған жөн. Әйелдік қасиеттен жұрнақ қалсын десеңіз, іштегі осы бір жаман қасиеттен тазарып, бойда толып тұрған теріс қуатты шығарудың әдісін іздеңіз. Мұнда қолды қажет етіп тұрған үй жұмысы немесе спорт залы жақсы көмектеседі. «Қатын қаһарланса қазан қайнатады» деген бар.

Сүйікті істің болмауы

Өзіңді «Өзім» деп тану үшін сүйікті ісіңнің болуы, онымен жүйелі түрде айналысып отыруың шарт. Сүйікті ісіңіз бен жұмысыңыз сәйкес келсе, сізден бақытты жан болмас. Жоқ болса, табу керек, ізденіңіз.

Әйелдердің көпшілігі бала, үй-тұрмыс деп сүйікті ісінен қол үзіп алып жатады. Өзін ең болмағанда бір істе жете тани білген, қолынан келетініне сенімді бола білген әйелдің жүзінен жарты бақыттың лебі есіп тұрады. Ал жүзінен бақыттың табы біліну – әйелдің әйелділігінің бір көрінісі.

Ләззат алу

Бұл әрине, тым оңаша жайт... Десек те, айта кету керек, әйел мен еркекті бөле жаратпағанын, олардың бір-біріне берік тәуелді екенін кім де болса біледі. Білсе де мойындамайтын әйелдер жетерлік...

Егер әйел ләззат алмаса, одан бас тартса, оны әйел санап не керек? Тән ләззатын алмаған әйелдің жүріс-тұрысынан да, сырт бейнесінен де білініп тұрады.

Ұрыс-керіс

Ұрыс-керіске бір иығынын беріп жақын жүретін әйелдер де жетерлік.

Рас, кейде үйдегі жағдай, жетіспеушілік, жүйкеге түскен салмақ жиналып келіп ыңғайсыз жерде ақтарыла салады. Ұрыс-керіс те адам бойындағы қуатты молынан алып қояды. Одан да ол қуатты да, уақытты да өзіңізді сәндеуге, мәселен, маникюр жасап, боянып үйренуге, шаш үлгілерін жасап көруге арнауға болады.

Біреумен ұрысқаннан түк те пайда таппайсыз, қайта екі есе зиян шегесіз. Ал жоғарыдан келтірілген мысалдардан тәжірибе жинап, қажет кезде пайдалана аласыз.

«Еркек» болмаңыз

Әйелдің қолынан бәрі келгені жақсы-ақ. Бірақ оны пайдаланатын кезді де білген дұрыс. Әйтпесе, әп-сәтте «еркекке» айналып шыға келесіз де, не әйелде, не еркекте жоқ боп, бақытсыз күй кешесіз.

Еркек – еркектің, әйел – әйелдің міндеттерін орындауы керек. Арасында көмектесіп тұруға болады, бірақ әдеттендіруге жол бермеңіз. Одан да қолыңыз бос болса, өзіңізге қажетті, кейінге ысырып жүрген ісіңізді орындап тастағаныңыз жақсы.

Күндестік

Әйелді бақытсыз ететін жағдайдың ең басында осы күндестік тұр. «Анау бағалы әшекей алыпты, мынау қымбат көлік алыпты» деп отбасыңызға, жеке өміріңізге түк қатысы жоқ біреулермен санасқанда ұтарыңыз не? Сол адамдардың барлығының алдында болсаңыз, не табасыз? Сіз үшін, отбасыңыз, бала-шағаңыз үшін бір мысқал болса да пайдасы бар ма?

Ойланыңыз.

Өркеуделік

Өркеуде, өзімшіл адамдар сізге ұнай ма? Сондай адамдармен бір ортада отырғыңыз келе ме?

Осыған жауап беріңіз де, шешімді өзіңіз қабылдаңыз. Сіз де ондай болғыңыз келмесе керек.

Сымбатына көңілі толмау

Егер сымбатыңызға көңіліңіз толмаса, ол үшін бақытсыздың күйін кешкенше, әрекет жасаңыз. Спортпен айналысып, аптасына бір күнді диетаға арнаңыз. Ол үшін басқа біреу кінәлі емес, бәрі өз қолыңызда.

Денсаулық

Деніңіздің сау болуы да тек өзіңізге, одан кейін ғана бала-шағаңыз бен күйеуіңізге қажет. Сондықтан, денсаулығыңызды бағалап, оны күтуді үйреніңіз.

Соқыр махаббат

Өзін бағалайтын әрбір әйел соқыр махаббаттың құрбаны болмайды. Өзіңізді сүймейтін, бағаламайтын жанға ынтықпаңыз. Одан гөрі сізді сыйлайтын және балаларымның анасы деп құрметтейтін жанмен бақытты бола аласыз.

Дайындаған: Ж.Байтұрым.

ERNUR.KZ