Балаңызға спиннер сатып әпермей тұрып ойланыңыз

0
2 306

«Спиннер». Бұл сөз бүгінде үлкенге де, кішіге де, тіпті, балабақша баласына да таныс. «Magic Tracks» (Мэджик трек) ше? Жарнамасы көзді арбаған жарық жол. Талайдың арманы болған қайран құрастырмалы жол. Аталған екі ойыншық — соңғы жылдары «хит» болып тұрған ермек түрлері. Бастауыш сынып оқушылары арасында ерекше танымалдылыққа ие. Әсіресе, спиннер. Өйткені, бағасы қолжетімді, бір-екі қыңқылдаса, ата-ана алып береді. Өзімен алып жүруге ыңғайлы, сондықтан, мектепте де, көшеде де, үйде де спиннер-серігі жанында. Ойланыңызшы, ата-ана, осы ойыншықтардың сіздің балаңызға берері бар ма? Зиянын шегіп жатқан жоқсыздар ма? Ұстаздардың қағып жатқан дабылы сізге жетті ме? Иә-иә, олар дабыл қағып жатыр. «Сабақ үстінде оқушылардың бар назары спиннерде болады» деуде.


Балаңызға спиннер сатып әпермей тұрып ойланыңыз

«Спиннер». Бұл сөз бүгінде үлкенге де, кішіге де, тіпті, балабақша баласына да таныс. «Magic Tracks» (Мэджик трек) ше? Жарнамасы көзді арбаған жарық жол. Талайдың арманы болған қайран құрастырмалы жол.

Аталған екі ойыншық — соңғы жылдары «хит» болып тұрған ермек түрлері. Бастауыш сынып оқушылары арасында ерекше танымалдылыққа ие. Әсіресе, спиннер. Өйткені, бағасы қолжетімді, бір-екі қыңқылдаса, ата-ана алып береді. Өзімен алып жүруге ыңғайлы, сондықтан, мектепте де, көшеде де, үйде де спиннер-серігі жанында. Ойланыңызшы, ата-ана, осы ойыншықтардың сіздің балаңызға берері бар ма? Зиянын шегіп жатқан жоқсыздар ма? Ұстаздардың қағып жатқан дабылы сізге жетті ме? Иә-иә, олар дабыл қағып жатыр. «Сабақ үстінде оқушылардың бар назары спиннерде болады» деуде.

Әлбетте, «бала ойнап өседі». Ойын — оның басты жұмысы, әлемді тану, дағды қалыптастыру, даму тәсілі. Бірақ, ойыншыққа келгенде бір мәселе бар. Ол — қазіргі ойыншықтар арасында пайдасыз, тіпті, одан да сорақысы — зиянды түрлерінің болуы. Сондықтан, сақ болыңыз! Мейлі, ол "супер-сәнді", қымбат болсын; мейлі, сапалы материалдан жасалсын; мейлі, жұрттың бәрінің балалары сонымен ойнап жүрсін; мейлі, досының қолынан көріп «маған да әпер» деп жылап жатсын... Тек сіз өз балаңызға сатып аларда оның пайдасы мен зиянын саралауға уақыт пен көңіл бөлуге тиіссіз. Спиннер мен құрастырмалы жолға келгенде де солай.

Спиннер ойыншықтардың қай тобына жатады? Пайдалы ма, әлде зияны көп пе?

Бір нәрсені анық айтуға болады: өздігінен қозғалатын, өзі жүретін ойыншықтардың ешқандай пайдасы болмайды. Өйткені, онда бала еш әрекет етпейді. Ойланбайды, қиялына ерік бермейді, денені қозғалысқа түсірмейді. Ойыншық бәрін өзі жасайды. Бала тек бақылайды. Құрастырмалы жол да дәл солай. Аз ғана уақыт жолды құрастырып қойып, содан соң жарқылдай жүйіткіген көлікке тапжылмай телміреді де отырады. (Осы орайда жарық жанатын, әуен ойнататын ойыншықтардың да балаға берері аз екенін айта кету керек.) Спиннер де сол. Оны қолдану барысында қимылдайтыны — тек үш саусақ. Әрине, егер ғаламторды шарлап жүрген түрлі тректерді үйреніп алмаса.

Спиннердің қандай пайдасын білесіз?

  1. «Ұсақ моториканы дамытады» — Ұсақ моториканы қолға ұсталып, саусақтарды қимылдатқанның бәрі дамытады. Ол үшін спиннерден әлдеқайда пайдалы ермек түрлері жеткілікті.
  2. «Стресстен арылтады» — Антистрестің балаға қаншалықты қажеті бар деп ойлайсыз? Ересектер үшін керек шығар, балаға қажеті қанша?!
  3. «Ұзаққа созылған жұмыстан кейін бұлшықеттерді босаңсытады» — Сабақ арасында спиннермен «шынығуға» қарағанда, бой жазу жаттығуларын жасағаны әлдеқайда тиімді.
  4. «Уақытты «өлтіреді» — Бұл мектеп оқушысы үшін жақсы іс емес. Спиннерге кетірген уақытты білім үйренуге, пайдалы ақпарат алуға жұмсағаны жөн деп ойламайсыз ба? Ал, таза ауада серуендеу, есік алдында жүгіріп-секіріп ойнау, үй тіршілігіне көмектесу сындылардың барлғын бір ғана спиннерге айырбастауына қалай қарайсыз?
  5. «Зиянды әдеттерден арылтады» — Спиннердің көмегімен баланың саусақ сытырлатуын, тырнақ тістелеуін қойғызуға болады дегенге шынымен сенесіз бе?

Спиннердің зияны болуы мүмкін бе?

Бұл енді ойыншықтың жасалған материалы мен орын алған жағдайларға байланысты. Зиянды ойыншықтың алғашқы белгісі — жағымсыз иіс. Ол қаншалықты өткір болса, құрамында «фенол» деп аталатын зиянды зат соншалықты көп деген сөз.

Орын алған жағдай деп отырғанымыз — спиннерді айналдыру барысында саусақтарды жаралап алу қаупінің жоғарылауы.

Дәрігер не дейді?

Медицина мамандары спиннердің пайдасы мен зияны жайында нақты ештеңе айта алмауда. Өйткені, бұл жағынан ойыншық әлі толық зерттелмеген. Десе де, жарнамада айтылғандай, зейін тапшылығына, аутикалық спектр ауытқушылығына, тынымсыздыққа ұшыраған, гипербелсенді балаларға аздаған көмегі болуы мүмкін деген пікір білдіреді.

Иә, аздаған көмегі болуы мүмкін, егер оны орнымен пайдаланса. Сондықтан, спиннерді сатып әпердіңіз бе, балаңыздың оған қанша уақытын жұмсап жүргенін бақылауда ұстаңыз. Әйтпесе, пайда мен зиян шекарасын бұзып өтіп, зардабын тартуыңыз ықтимал.

Дайындаған: Айгерім Бектұрғанова