ЕҢ БАҚЫТТЫ адам - ӨЗІН ТӘРБИЕЛЕГЕН адам

0
4 918

Адамдардың жасы келген кезде 3 жағдайға қатты өкінетіні белгілі болды


ЕҢ БАҚЫТТЫ адам - ӨЗІН ТӘРБИЕЛЕГЕН адам

Өткен іске өкінетін кездеріміз жиі орын алатыны жасырын емес. "Неге сол кезде солай істемедім?", "Сол кезде былай жасағанда, қазір мынандай болатын еді", - деп өзімізді қажап жатамыз. Ал әлемдік статистика бойынша адамдардың жасы келген кезде 3 жағдайға қатты өкінетіні белгілі болды.

  • Адамдардың көпшілігі өздері қаламаған өмірді сүріп, әнші немесе суретші болудың орнына жаны сүймейтін жұмыс істегеніне өкінген;
  • Денсаулығына, дене бітіміне дұрыс қарамағандарына өкінген;
  • Өздері жақсы көретін адамдары мен жақын жандарына қажетті уақыт бөле алмағандарына өкініш білдірген.

Ендеше жас келгенде осы өкініштер өзіңді мазаламас үшін, өмірді ғажайыпқа айналдыратын төмендегі 10 әрекетті жасап көріп, өз-өзіңді қолға ал. Бұл әрекеттер бақытты болуға, өткенге өкінбеуге көмектеседі деген үміттеміз.


Өзіңе өзіңді тануға мүмкіндік бер

Ол үшін өз-өзіңмен кездес. Өзіңнен жаныңның нені қалайтынын сұра. Өз өзіңе ұнайсың ба? Осыған жауап іздеп көр.

Көбіне бізді өзгелердің жақсы көргенін қалаймыз. Ал сен өзіңді жақсы көресің ба? Бізге көбірек көңіл бөлгенді жақсы көреміз. Бірақ сен өзіңе көңіл бөлесің ба?


Өзіңді өзгелермен салыстырма

Сен бірегейсің. Өзіңе босаңсуға мүмкіндік бер. Өзіңді айналаңдағылармен салыстырма. Олар қалай бар солай бола берсін, ал сен өзіңше бола біл.


Қазір барды бағалай біл

Өткенді жібер. Адамның өткені өзімен бірге алып жүретін ең үлкен, ауыр жүктердің бірі. Өткеннің естеліктері бойымызға қорқыныш тастайды. Бірақ алдағы уақыт өткен күндердей болмауы мүмкін. Кейде бізге шешім қабылдауға батылдық жетпей жатады. Кезінде жақсы болғаны үшін жанымыздағы адамды немесе жағдайды жібере алмаймыз. Қазіргі барды бұзған өткеннің елесі болашақтың көрінісін бұрмалайды.

Сондықтан қазіргі уақытыңды бағала, рахаттан. Жаңа бір нәрсе алу үшін, міндетті түрде оған орын босату керек.


"Улы" ортадан құтыл

Жазушы Габриель Гарсия Маркес: «Ешкім сенің көз жасыңа лайық емес. Ал лайық жан сені ешқашан жылатпайды» деген екен. Егер өміріңе келген жанның тек сенен алуға ған келгенін біліп, сезсең онда одан бірден бас тарт. Сол кезде шамалы ауыр болуы мүмкін, алаййда болашақта уақыт пен күш, энергияны артық жұмсап, жүйкені тоздырмайтын болады.


Жақсы көретін жандарға уақыт бөл

Өзгелерге бірдеңе беру үшін, алдымен өзіңде болу керек. Мәселен балауыз жанып тұрса ғана айналасына жарық шашып, жылу бере алады. Сол секілді сен де бірінші өзіңе уақыт бөл. Жаныңа жақын жандармен қыдыр, уақыт өткіз. Жақындарыңның көзінен, жүзінен қуаныш көрген сайын сенің қанатың қатая түседі.


Өзіңнің шекараңды сақта

Кейін ауыр тимес үшін тіпті жақсы көретін жандарыңмен де арадағы шекараны сақтау керек. Ең алдымен бір нәрсеге қызығу үшін, мен қалаймын ба осыны деп өзіңнен сұрап көр. Егер қаламасаң, онда ертеңгі күні өкінбес үшін сүйгенім үшін, жақыныма бола деп, үміт пен уәде берудің қажеті жоқ.


Қорқынышты ұмыт

Қорқыныш деген сөзді ойыңнан мүлде алып таста. Себебі қорқыныш, көреалмаушылықты, ашу-ызаны, сатқындықты тудырады.


Ең бастысы өз өмірің екенін түсін

Өз өміріңнің жасаушысы бол. Жақын жандарыңа махаббат нұрын шаш.


Жоспар құр

Өз қадамыңды түсінбесең бір нәрсені жүзеге асыру қиын. Сондықтан нақты нені қалайтыныңды және оған қандай қор керек екенін білу маңызды. Ағынмен бірге болған жақсы, бірақ бағыт қажет.


Уақытты бағала

Жасың келген кезде, өткен өмір жолыңда неге өкінуің мүмкін екенін елестетіп көр. Дәл соны бүгіннен бастап өзгертуге тырыс.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Жас алшақтығы бақытты неке құруға кедергі келтіре ме?