​«Бөксемен билеу» қазақ жігіттеріне тән бе, әлде «сән» бе? (видео)

0
2 888

"Қайсысы қыз, қайсысы еркек екенін ажырата алмайсың" деседі желі қолданушылары.


​«Бөксемен билеу» қазақ жігіттеріне тән бе, әлде «сән» бе? (видео)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Соңғы кезде жігіттердің арасында мың бұрала, бөксесін музыка ырғағымен қимылдата билегенін жиі байқамыз.

Жалпы, «бөксе» деген сөздің өзі де еркектерге тән емес тәрізді. Десек те, көз үйренгеніндей, осынау би тек қыздарға ғана жарасатыны анық. Ал жігіттер үшін сорақы көрінетін секілді. Оны әлеуметтік желінің жауһарлары болған төмендегі видеолардан байқасаңыз болады.




«Қазақ атам...» деп бастаған сөздің өзін теріске айналдырып жіберетіндер бар. Сонда да болса тағы бір қайталай кетсек.. Қазақта ешбір ер-азамат бөксесімен билемек тұрмақ, жалпы билеу дегенді білді ме екен?! Санаға сіңген тарихи аңыз бен деректерде тек «мың бұрала билеген» қазақтың арулары ғана болғаны айтылады.

Жарайды, заман өзгерді, дамыды делік. Десек те, жігіттердің майыса, бұрала билеп, қызға тән қылық көрсетуі кімге де болса «біртүрлі сезім» сыйлайтыны жасырын емес. Оны жазылған пікірлерден-ақ байқауға болады. Әсіресе, көпшілік жиналатын орында, тойларда осынау «бұраңдаған» жігіттер байқалып жатады.

Бұл "қызмінезді" жігіттердің көбейгені ме әлде "алғашқы белгілері" ме екен? Қалай дегенмен, "жақсы емес" екенін ішіңіз де сезіп отырған болар, қадірлі оқырман? Бұған Сіздің пікіріңіз қандай?

ERNUR.KZ