«Адал жол» сыбайластыққа қарсы шеру өз мәресіне жетті

0
1 289

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің бас маманы Ғабит Жүндібаев марафонды өткізудегі басты мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, халықты жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру екенін атап айтты


«Адал жол» сыбайластыққа қарсы шеру өз мәресіне жетті

2 сәуірде Шардара ауданында басталған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің бастамасымен өңірімізде алғаш рет қолға алынған «Адал жол- Честный путь» жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ oninfo.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

13 сәуір күні қаладағы Орталық стадионда өткен қорытынды шарада «Адал жол» марафонының эстафетасын Мақтаарал ауданының өкілдері қабылдап алды.

Салтанатты шара кезінде сәуір айының 6 – 12 сәуір аралығында осы марафонға қолдау көрсету мақсатында ауылдық округтерде өткізілген автошеру керуені Орталық стадионға келіп жетті. Автошеру Достық ауылынан басталып Ақшеңгелді, Сүткент, Қызылқұм, Алатау батыр, Ұзын ата, Көксу, Қоссейіт, Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінен жүріп өтіп, Жаушқұм ауылдық округінен аяқталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің бас маманы Ғабит Жүндібаев марафонды өткізудегі басты мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, халықты жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру екенін атап айтты.