​Аудан әкімі облыс әкімінен сөгіс алды

0
1 339

Жансейіт Түймебаев Сарыағаштағы үйлердің жағдайына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Аудан әкімі облыс әкімінен сөгіс алды

Фото: "ТВК"

Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев ОҚО әкімінен сөгіс алды. Жансейіт Түймебаев Сарыағаштағы үйлердің жағдайына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. "ТВК"арнасына сілтеме жасап.

Сарыағашта салынған ескі үйлер, қаланың дәл ортасына салынған әжетханалар, шекарада үйілген қоқыс ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың ашуын келтірген.

Күніне 15 мың адам жүріп өтетін Сарыағаш ауданының шекара аймағында ешқандай оң өзгерістер байқамаған Түймебаев Қайрат Әбдуәлиевке ескерту жасады.


Қайрат Әбдуәлиев бюджеттен бөлінген 1,5 млрд теңгеге жеті жолға жөндеу жұмыстарын жүргізгенін алға тартты.

Алайда тұрғындарды жол емес, ауыз су мәселесі алаңдатып отыр.

"Ұңғыма бар болса да, су жоқ", - деп шағымданды аудан тұрғындары.

Әкім барлық мәселелер біртіндеп шешілетініне уәде берді.