Оңтүстіктегі көрші ауыл тұрғындары арасында орын алған атыс салдарынан сол атысқа қатысты адам көз жұмды
ERNUR.KZ. Оңтүстіктегі көршілес ауыл тұрғындары арасында орын алған атыс салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ІІМ-не сілтеме жасап.
«Кеше Сарыағаш қаласында жеке бас араздығынан ауыл тұрғындары арасында атыс орын алған. Зардап шегуші көрші ауыл тұрғыны жарақатынан кейін ауруханаға түсіп, сол жерде көз жұмды»,-деді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаев.
Полиция қызметкерлерінің жедел іздеу шараларының нәтижесінде күдіктінің аты-жөні анықталды. Қылмыскерге іздеу салынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.