Сот-медициналық сараптама Сарыағаш ауданы Абай ауылының тұрғыны, бірінші сынып оқушысына қатысты жыныстық сипаттағы мәжбүрлі әрекеттердің болғанын растаған жоқ,-деп хабарлайды ERNUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
фото: интернеттен алынды
Сот-медициналық сараптама Сарыағаш ауданы Абай ауылының тұрғыны, бірінші сынып оқушысына қатысты жыныстық сипаттағы мәжбүрлі әрекеттердің болғанын растаған жоқ, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
ОҚО бойынша сот сараптамалары институтының мамандары бүлдіршіннің тік ішегінде жарақат немесе зақымдану белгілерін таппаған.
Құжатта Сарыағаш аудандық ауруханасында да баланың денесінде қандай да бір күш көрсету белгілерінің анықталмағаны айтылған.
Бұған дейін осы ауылдың 62 жастағы тұрғыны бірінші сыныпта оқитын немересін жоғарғы сынып оқушыларының жабылып зорлап келгенін мәлімдеген болатын. Ол 12 қаңтар күні полицияға арызданып, үзіліс кезінде 13 жасар жоғарғы сынып оқушысы немересін зорлағаны туралы айтқан еді.
"Тамыз айында бірінші сынып оқушысының әжесі немересі соққыға жығылғаны туралы аудандық ІІБ арызданған. Одан денесінде көгерген жері, соққының ізі бары-жоғын сұраған. Оған жалған куәлік бергені үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы айтылғанда, арызын қайтарып алды. Кейін 12 қаңтар күні ол тағы да арызданып, онда тамыз айынан бері немересін туысы боп келетін 6-7 сынып оқушылары зорлап келгенін көрсеткен. Тергеу басталып, комиссия құрылды. Бала мен оны зорлады дегендер бір үйде тұрады. Бірақ, әртүрлі мектепте оқиды», - деді Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бастығы Бауыржан Майрихов Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында.
Майриховтың айтуынша, ол мектепке барып, баланың сабақ кестесін, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, психологтармен сұқбаттасқан және мектеп басшылығымен жиналыс өткізген. Дегенмен айтылған арыздың дәлелі табылмаған. Ал айыпталған оқушының бірінің әкесі қатты күйзелістен бірнеше күн бұрын қаза болған.
Аудандық білім бөлімі басшысы жоғарғы сынып оқушыларының өкілі 62 жастағы әйелді сотқа бермек болып отырғанын айтады.