Бизнес-серіктестікті кеңейту мүмкіндігін беретін көрме

0
1 394

Облыс орталығы Шымкент қаласында ShymkentBuild-2018 бизнес-серіктестікті кеңейту мүмкіндігін беретін халықаралық көрмесі өтіп, өнімдер көпшіліктің назарына ұсынылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Бизнес-серіктестікті кеңейту мүмкіндігін беретін көрме

Облыс орталығы Шымкент қаласында ShymkentBuild-2018 бизнес-серіктестікті кеңейту мүмкіндігін беретін халықаралық көрмесі өтіп, өнімдер көпшіліктің назарына ұсынылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шым шаһардың шараны өткізуші ретінде таңдалуы кездейсоқтық емес. Себебі бұл қала бизнес-белсенділігі жоғары мегаполис саналады. Бұл жерде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы аумағын 4,8 млн. ш.м. баспана, жалпы көлемі 428 га «Shymkent City» жаңа ауданының құрылысы және т.б. жобалар іске асырылып жатыр.

Жалпы облыстағы басым салалардың бірі құрылыс болғандықтан құрылыс секторына қосылғандардың барлығы да жаңа технологияларға, жабдықтар мен серіктестерге мұқтаж. Сондықтан да ShymkentBuild /WorldBuild Shymkent көрмесі дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді.

Еліміздің ірі зауыттары мен компанияларынан, көршілес Өзбекстан және Ресей елдерінің өндірушілері мен жабдықтаушылары келушілерді өз стендтері арқылы иілгіш тас, декоротивті сылақ, ғимаратты жылытуға арналған түрлі материалдар шыны мозайкалар да осында. Көрме сарапшыларының сөзіне сенсек, бұл шара отандық және шетелдік компаниялардың бірлесіп жұмыс істеуіне жол ашады. Мамандардың өзара тәжірибе алмасуына, сондай-ақ құрылыс нарығына инвестициялар тартуға да көмектеседі.


1998 жылы Алматыда ашылған «Держава-люкс» зауыты Шымкенттегі көрмеге алғаш рет қатысып отыр. Есік-терезелерге арналған лак, бояулар және тазалағыш құралдарды ұсынушы зауыт өз өнімін алдағы уақытта оңтүстік өңіріндегі Сарыағаш, Түркістан қалаларына таныстыратындығын айтады. Сонымен қатар, зауыт өкілі Жұмақұл Сымбат халықтың сұранысына қарай Шымкент қаласынан филиал ашу ойын да жеткізді.

Айта кетейік, осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған «ShymkentBuild» көрмесі үш күнге жалғасын табатын болады.

Шараның ұйымдастырушылары ҚР инвестиция және даму Министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, ОҚО Кәсіпкерлер Палатасының, ТЖК ҚазОРталығының, ҚР және ОА құрылысшылар Одағының, Қазақстандағы РФ сауда өкілдігінің қолдауымен қазақстандық «Iteka» көрме компаниясы.

Халықаралық көрмеге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, өндірушілердің жұмысымен танысты.