Бұрынғы зауыт орнында жанын қатерге тіккендер жүр

0
1 675

Бұл жерде кеңестік дәуірде алтын, күміс, қорғасын шығаратын цехтар болған.


Бұрынғы зауыт орнында жанын қатерге тіккендер жүр

ERNUR.KZ. Қараусыз қалған қорғасын зауытының маңында су толы «бассейнде" нәпақасын қалдық теріп табатындар көп. Олар тереңдігі 4 метр жертөлеге түсіп қорғасын тереді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жерде кеңестік дәуірде алтын, күміс, қорғасын шығаратын цехтар болған. Азын аулақ табылған күмістің әрбір грамын 80 теңгеге, темір бағасын 56 теңгеге өткізіп, күнкөрістің көзі етіп алғандар аз емес. д. Заңсыз қаржы көзі деуге болады. Бірақ қаншалықты қауіпті екендігін бағамдап жатқандар шамалы.

Тіпті шашылып жатқан кірпіштің өзін кәдеге жаратып сатып жатқандарды кездестіруге болады. 4,5 мың дана кірпіш сыятын бір Камаз жүк көлігіне тиелген кірпіштің құны 60 мың теңге тұрады. Кеңестік кезеңнен қалған отқа төзімді кірпішті сатып алуға құмбылдар да аз емес көрінді.

"Кезінде дүркіреп тұрған қорғасын зауыты бүгінде түгі қалмады ғой. Бомба түскен сияқты. Көпіріміз құлап жатыр. Темірінің бәрін әкетіп қалды. Түгі қалмады",-дейді қала тұрғыны Марат Байларов.
Мал базарға дейінгі созылып жатқан аумақ 165 гектарды құрайды. Қараусыз қалған нысан қауіп қатерге толы. Осыншама алып аумақты мемлекет меншігіне өткізіп, кәдеге жаратуға болады-ақ. Саябақ салса, да, тұрғын үй салса да халыққа тигізер пайдасы болары анық. Бірақ бұл күн түсуі тиіс көлеңкелі мәселенің бірі болып тұр. Күрмеуі қашан шешілері де белгісіз...