Доллар қымбаттап жатыр: Шымкентте юань мен евроға сұраныс жоғары

0
1 171

Шымкент қалалық ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 329-331 теңгегі көрсетіп тұр. Дегенмен, халықтың басым бөлігі евро (EUR) мен юаньды (CNY) алып жатыр.


Доллар қымбаттап жатыр: Шымкентте юань мен евроға сұраныс жоғары

Валюта курсы таңертең 330,88 теңге болды. Сағат 16:30-дағы есеп бойынша – 329-331 теңгеге жетті. Ал, евро 407-411 теңге болса, рубль – 5,18-5,3 көрсеткішіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ kase.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қалалық ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 329-331 теңгегі көрсетіп тұр. Дегенмен, халықтың басым бөлігі евро (EUR) мен юаньды (CNY) алып жатыр. Доллар бағамының көтерілгенінен хабардар болған жұртшылық осы сәтті пайдаланып қолында бар ақшаларын өткізіп жатыр. Доллармен жұмыс істейтін кәсіпкерлер, тиісінше долларды сатып алуда.

«Көтерме сату деген ұғым бар. Үлкен сомада валюта алушыларға долларды 330,60-330,80 теңге бағамымен де сатамыз. Валюта бағаларын Қазақстан фонд биржасы KASE ұсынған баға бойынша қоямыз. Қырғыз және өзбек сомына сұраныс өте төмен», - деді ақша айырбастау орнының кассиры.