Елімізде әрбір бесінші бала Түркістан облысында дүниеге келеді

0
515

Соңғы жылдары облыс бойынша ажырасу және некесіз бала туу деректері көбейіп жатыр.


Елімізде әрбір бесінші бала Түркістан облысында дүниеге келеді

Түркістан облысында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру және отбасын қолдау және дағдарыс орталықтарының мәселелері қаралды.


Түркістан облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Дінмұхаммет Әбдіқадірұлы комиссияның алдағы жоспарлары бойынша баяндады.


Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Кенжебаев Нұрсұлтан ана мен бала өлімінің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы айтты. Түркістан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұрашов Нұржан дағдарыс және отбасын қолдау орталықтарының қызметі туралы баяндады.


Соңғы жылдары облыс бойынша ажырасу және некесіз бала туу деректері көбейіп жатыр. Отбасы құндылықтарын дәріптеу маңызды мәселеге айналған.


Отырыс қорытындысы бойынша Түркістан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қызметін жетілдіру жөнінде шаралар кешені қабылданды. Күрделі әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған жаңа тәсілдер мен жұмыс регламенті бекітілді. Осыған байланысты отбасы және әйелдер істері демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын жетілдіру үшін аудан, қала әкімдеріне ұсыныстар дайындалды.


Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 1 млн. 200 мыңға жуық әйел бар. Бұл – облыс халқының жалпы 49,2 пайызын құрайды. Облыс көлемінде демографиялық өсу деңгейі жоғары дәрежеде. Республикадағы әрбір бесінші бала Түркістан облысында дүниеге келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 57 429 бала дүние келсе, биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша 26 706 бала дүниеге келген. Түркістан облысында алтын мен күмістен алқа таққан аналар саны жыл санап артып келеді. Қазір таңда облыста 177 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде, 15 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр.