«Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі қарым-қатынасын ата-аналар тарапынан бақылауға алып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу» тақырыбында жиналыс өткізілді.
фото: facebook.com
Түркістан облысы, Арыс қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарында «Балаларымыздың өмірі мен денсаулығы өз қолымызда» атты жобасы аясында «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі қарым-қатынасын ата-аналар тарапынан бақылауға алып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу» тақырыбында жиналыс өткізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жиналысты күн тәртібіндегі мәселе бойынша Арыс аудандық прокурорының орынбасары А.Нұржанов жүргізіп отырды.
«Заманауи технологиялардың, оның ішінде әлеуметтік желілердің бүгінгі жастар тәрбиесінде оң ықпалын арттырумен қатар, жасөспірімдердің жан-жақты қорғалуын қамтамасыз етуіміз керек. Сонымен қатар, шектен тыс әлеуметтік желіде отырмауын қадағалау, бей-берекет сөйлесу мәселелерінде өте абай болуымыз керек», - деді ол.
Бұдан бөлек жасөспірімдердің интернетті пайдалануы жеке құқығы болғанымен, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге интернеттің зияны туралы жан-жақты түсіндірілді.
АІІБ-нің, ЖПҚ-нің, КТІЖ аға УПИ полиция майоры Ж.Жүнісбеков және білім бөлімінің бас маманы А.Жунисов сөз сөйлеп, берілген сұрақтарға жауап берілді.