Түркістандықтар көктемгі егін науқанына дайындықты бастап кетті

0
2 380

Дайындықты пысықтауға арналған отырыста 3 мәселе қаралды.


Түркістандықтар көктемгі егін науқанына дайындықты бастап кетті

Жетісайда көктемгі егін науқанына дайындық пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді түгендеу жұмыстары жалғасуда. Қазірдің өзінде ауыл округтеріндегі игерусіз жатқан егістік жерлердің тізімдері жасалып, иелері анықталу үстінде. Осы мақсаттағы жұмыстарды әлі де ширата түсу қажет. Сондай-ақ, егістік жерлерді көктемгі егінге дайындау да ерекше қарқын алуы тиіс. Бүгін бұл туралы аппараттың кезекті отырысында Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.


Аппарат отырысында негізінен 3 мәселе қаралды. Соның бірі – ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерусіз жатқан егістік жерлерді түгендеу болатын. Екінші мәселе – көктемгі егін жұмыстарына дайындық. Нақтырақ айтсақ, жер айдау, сор шаю, палу алу жұмыстарының барысы талқыланды. Үшінші мәселе – аудандағы көгалдандыру, абаттандыру шараларының қарқыны.

Аталған мәселелер бойынша жиынды қорытқан аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, орындалу мерзімдері бекітілді.

дереккөз: Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі