«КИЕЛІ МЕКЕН»: Түлкібаста сенбілік ұйымдастырылды

0
690

Акцияға аудан жастары, ауыл ақсақалдары, «Көрікті ел» мекемесінің қызметкерлері қатысты.


«КИЕЛІ МЕКЕН»: Түлкібаста сенбілік ұйымдастырылды

Түлкібас ауданында Қазақ халқының біртуар азаматы, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткіші аумағында экоакция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін «Киелі мекен» апталығы аясында Түлкібас ауданында Қазақ халқының біртуар азаматы, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткіші аумағын тазалап, көгалдандыру мақсатында аудандық аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен экоакция өтті.


Акцияға аудан жастары, ауыл ақсақалдары, «Көрікті ел» мекемесінің қызметкерлері қатысты. Игі шараға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов те қатысып, ел құптарлық шараға үлес қосқан жандарға алғысын білдірді.


Айта кетейік, биыл Тұрар Рысқұловтың 230 жылдығына орай аталған аумақты толық абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары атқарылып, суғару жүейсі жүргізіледі. Бұдан бөлек, көк желекті күтіп-баптау мақсатында арнайы жұмысшылар бекітіліп, қарауыл қойылады.