Бүгін ОҚО әкімі Ж.Түймебаев өңірдің ардақты аналарына арналған мерекелік шарада алтын құрсақты аналарды төл мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады,-деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгін ОҚО әкімі Ж.Түймебаев өңірдің ардақты аналарына арналған мерекелік шарада алтын құрсақты аналарды төл мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады,-деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
«8 наурыз Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Аяулы аналардың нәзік жүрегі сүйген жарына, перзентіне, туған жері мен Отанына деген махаббатқа толы. Ана – ұлық есім, құрсағынан ғалым да, ақын да, батыр да тарайды. Оңтүстік – ондай киелі аналарға кенде емес. Бүгінде өңірімізде көп балалы аналарымыз 98 600-ге жетті. Олардың 4 мыңға жуығы - «Батыр аналар», 16 мыңнан астамы - «Алтын алқа», ал 43 мыңдайы - «Күміс алқа» иегері. Осындай батыр аналарымыз, ардақты апаларымыз аман, ғұмырлары ұзақ болсын», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Айта кетерлігі, салтанатты шарада облыс басшысы 35 жастағы 3 бірдей батыр ананы медальмен марапаттады. Олардың қатарында 7 ұл-қызды тәрбиелеп отырған Алима Бекбосынова, Манат Бименова, Роза Құдайбергенова сынды жас батыр аналар бар.
Мерекелік кеш «Шаттық» би ансамблі мен облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының өнерпаздарының тартуымен жалғасты. Эстрада жұлдыздары Қ.Нұртас сынды әншілер ардақты аналарымызға әннен шашу шашты.


