ОҚО: Аудан әкімі әйелдер қауымына арналған мерекелік дастархан жайды

0
2 248

​Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Ғ.Исмаилов әйелдер қауымына арналған мерекелік дастархан жайды.


ОҚО: Аудан әкімі әйелдер қауымына арналған мерекелік дастархан жайды

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Ғ.Исмаилов әйелдер қауымына арналған мерекелік дастархан жайды. Аудандағы шараларға белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарды ерекше ынта-ықыласымен атқарып жүрген 200-ден астам ақ жаулықты аналар мен аялуы қыз-келіншектер кештің қонағы болды.

Олар озық үлгі көрсетіп жүрген жастарды тәрибелеуде.

-Әйелдер қауымы ауданымызда қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып отыр деп санаймыз. Білім мен денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік және тағыда басқа салаларда жемісті еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда ауданымызда көпбалалы аналардың саны артуда. Бұл мемлекет қамқорлығының нәтижесі екендігі айқын. Батыр Аналар біздің тарапымыздан да барынша бағаланып, қамқорлықтан тыс қалған емес. Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздер өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнарысыздар!" - деген ізгі тілегін әйелдерге арнады аудан әкімі.

Меркелік кеште жемісті еңбек етіп, өз саласының үздігі атанып жүрген көптеген әйелдерге облыс басшысы Ж.Түймебаевтың, аудан әкімі Ғ.Исмаиловтың құттықтау хаттары мен сый-сияпаттары табысталды.