Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 50 білім ұясы ел игілігіне беріледі деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның 15-і «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатса, 5-і республикалық бюджет есебінен бой көтеріп келеді.
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 50 білім ұясы ел игілігіне беріледі деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның 15-і «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатса, 5-і республикалық бюджет есебінен бой көтеріп келеді.
Ал облыстық бюджеттен қаралған 9,5 млрд теңгеге салынып жатқан 30 мектептің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі Ж. Түймебаевтың халық алдында берген есебінде айтылған болатын.
Жалпы 2017 жылы барлық бюджеттерден бөлінген қаржы есебінен 32 мектеп ел игілігіне тапсырылды. Тарқатып айтсақ, 2017 жылы облысымыздағы білім беру саласына Ұлттық қордан 29,8 млрд теңге бөлініп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 35 білім беру нысындарының құрылысы жүргізілген еді.
Бұдан бөлек, бүгінде республикалық бюджеттен қаралған 4,2 млрд теңгеге 4 мектеп пен 1 мектеп-интернаттың құрылысы жүргізіліуде. Аталған нысандар жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын болады.
Сондай-ақ,2017 жылы облыстық бюджеттен қаралған 9,5 млрд. теңгеге 39 мектеп пен 3 колледждің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 12 мектеп пайдалануға берілсе, қалған 30 нысанның құрылысы 2018 жылы аяқталады деп күтілуде.
Қорыта айтқанда бүгінде облысымызда 50 білім нысанының құрылысы қарқын алған. Егер құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілсе, барлық нысандар жыл соңына дейін тапсырылады.
Бұдан бөлек, облыстық құрылыс басқармасы 2018 жылы білім ұяларының құрылысын салуға республикалық бюджеттен қосымша қаржы қарастыруға ұсыныс жолдаған. Егер ұсыныс қабылданып жатса, тұрғызатын білім ұяларының қатары артады деп күтілуде.