«Соңғы жылдары бұл мәселе бірнеше рет көтерілді. Кеңес заманында ауданның тарихи аты бұрмаланғаны тарихшы ғалымдарға да белгілі. Сондықтан Түлкібасы атауын Түркібасы деп өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдаймын. Аталған мәселе облыстық әкімдік пен облыстық мәслихат тиісті шешім шығарып, облыстық ономастикалық комиссияда қаралды. Соңғы шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайтын болады», - деді Жансейіт Түймебаев.
Талай тұлғалар түлеп ұшқан киелі мекен Түлкібас ауданының атауын«Түркібасы» деп өзгерту туралы ұсыныс дер кезінде көтеріліп отыр. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңіріміздегі жер, су аттары тарихи атауларына қайта қол жеткізіп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.Бүгін бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
Сессияның жұмысын облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Дулат Әбіш жүргізіп отырды.Сессия жұмысына облыс әкімі,қала және аудан әкімдері, аудандық, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардың, ұйымдардың басшылары менБАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібінде негізгі 21 мәселе қаралды. Атап айтқанда облыстық жер инспекциясы басқармасы басшысының жердің пайдаланылуымен қорғалуын бақылаужөніндегіесебі, облыстықмәслихатқызметін ұйымдастыру,депутаттардыңсауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі талқыға түсті. Сондай-ақ, облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сабитов баяндама жасады.
Басқарма басшысы депутаттардан 21 жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітуді сұрады.Оның ішінде 3 құрылыс,2 автомобиль жолдары,1 электрмен қамтамасыз етунысандары бар. Бүгінде аталған жобалардың құжаттамалары толық әзірленіп, тиісті сараптамадан өткен.
Сессия барысында азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру, республикалық ономастика комиссиясының қарауына Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының атауын қайта атау жөніндегі ұсынысы енгізілді.