Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ордабасы Аруы-2018» аудандық байқауы өтті. Байқауға ауданның әр аймағынан 10-нан астам бойжеткен бақ сынасты.

Қатысушылар «Мен - қазақтың қызымын», «Өнерлі өрге жүзер», «Анамның сүйікті асы», "Қыз елдің көркі" бөлімдері бойынша сынға түсіп, өнері мен шығармашылығын ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Бөген ауыл округінен Аманбек Қарлығаш, І-орынды Бөржар ауыл округінен Нұрмаш Қарлығаш, ІІ-орынды Шұбар ауыл округінен Нышан Мөлдір-Ай, ІІІ-орынды Қажымұхан ауыл округінен Жақсылық Айда иеленді.