ERNUR.KZ. Ордабасылықтар аудан әкімі Рашид Қайыпжановтың қабылдауында жеке мәселелерін жеткізді.
Аудан басшысы тұрғындарды тыңдай келе, Бадамда орын алған жағдайды заң тұрғысынан шешу үшін ауыл әкімінің орынбасарына құжаттарды жинап, тез арада сотқа өткізуді тапсырды.
Еңбек ардегерінің өтініші бойынша анықталғаны: Ұялыжар ауылында бүгінде мүмкіндігі шектеулі 7 бала бар. Оларға 2 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда Ұялыжар ауылынан оңалту орталығын ашуды қажет етпейді. Ал, электр жарығының сөну себебін анықтап, келеңсіздікті жою сала мамандарына тапсырылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта аудан әкімі мәселені жеке бақылауында ұстайтынын ескертті.
Қ.Сыпатаев атындағы ауыл көшелерінің ахуалы жақын арада шешілмек. Ол үшін жауапты мамандарға арнайы тапсырмалар мен міндеттер жүктелді.