ОҚО: жоғалған 7 жасар қыздың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады

0
1 414

Іздеу жұмыстарына ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жалпы 150 ден астам адам жұмылдырылды.


ОҚО: жоғалған 7 жасар қыздың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады


26 наурыз күні Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына 7 жасар немересінің жоғалғаны туралы әжесі арызданған. Жоғалған баланың жас екенін ескерген полиция қызметкерлері шұғыл шешім қабылдап, іздеу жұмыстарына кірісіп кеткен болатын. Іздеу жұмыстарына ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жалпы 150 ден астам адам жұмылдырылды. Облыстық ішкі істер департаментінің мәлімдеуінше, 28 наурыз кешкі сағат 20-10 шамасында 7 жасар қыздың мәйіті су арнасынан табылды.

"28 наурызда 19:58 кезінде қыздың денесі Таскен арнасынан табылды", — деп хабарлады ТЖД баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекова.
Сараптамалар тағайындалды.