Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы құрылыс алаңдарына барды

0
741

Барлық үйлер қазан айының соңына дейін толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.


Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы құрылыс алаңдарына барды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданына барып, жаңадан салынып жатқан баспаналардың құрылысымен танысты. Сапар барысында аймақ басшысы баспаналардың сапасын бақылады. Халықпен кездесіп, көкейдегі мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдауси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Жалпы көлемі 1256 гектарды құрайтын Өргебас елдімекенінде 209 үй орналасқан. Жалпы бүгінгі таңда 194 үй сырылып. 194 үйдің іргетасы құйылып, 185 үйдің қабырғалары қалануда. 140 үйдің шатыры жабылған.

Ал, Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Фирдауси елдімекенінде 305 үйдің аумағы тазартылып, 305 үй іргетасы құйылған. 298 үйдің қабырғалары қаланып, 255 үйдің шатыры жабылуда.

Өмірзақ Естайұлы бұдан соң Мырзакент кентіндегі бірдей үлгіде салынып жатқан 386 үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда мұнда 241 үй тапсырылуға таяу. Сондай-ақ, жаңадан құрылған мөлтек ауданда мектеп, балабақша, медициналық амбулатория және полиция пункті салынуда.

Бұдан басқа Жаңажол ауыл округіне қарасты Өргебас және Фирдоуси елді мекендеріндегі 2 мектептің құрылысын тексерді. Ғимараттар толық күрделі жөндеуден өтіп, жылыту қазандығын табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 400-ге жуық үйдің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып отыр. Қалған баспаналардың қабырғалары қаланып, шатыры жабылуда. Жоспар бойынша барлық үйлер қазан айының соңына дейін толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.