Оңтүстік Қазақстан облысында тағы үш аудан пайда болады

0
4 372

Бүгін облыстық мәслихаттың сессиясында Сарыағаш және Мақтарал аудандарының аумағын бөлу мәселесі қаралды. Жиынға қатысып отырған сенімді дерек көзінің мәліметінше,Сарыағаш ауданын екіге бөлу туралы шешімді депутаттар бір ауыздан қолдады, -деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Оңтүстік Қазақстан облысында тағы үш аудан пайда болады

Бүгін облыстық мәслихаттың сессиясында Сарыағаш және Мақтарал аудандарының аумағын бөлу мәселесі қаралды. Жиынға қатысып отырған сенімді дерек көзінің мәліметінше Сарыағаш ауданын екіге бөлу туралы шешімді депутаттар бір ауыздан қолдады, -деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш ауданын бөліп, оның бірін Келес ауданы деп атау туралы Мәслихат сессиясында шешім қабылданды.

Алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясында депутаттар Мақтарал ауданын да үшке бөлу ұсынысын қолдады.Оның біріне бұрынғы атауы қалдырылса, жаңа аудандар Асық ата және Жетісай деп аталатын болады. Сессияда қабылданған шешім ономастика комитетіне жолданды. Ол жақта мақұлданса ОҚО-дағы ең ірі екі ауданды бөлу туралы құжат Үкіметке жолданады.