Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін және көші-қон саласында заңды бұзғанына ҚР 60-тан астам тұрғыны әкімшілік жаупкершілікке тартылған.
ERNUR.KZ. ОҚО-да «Заңсыз келуші - 2018» жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 400-ден астам адамды анықтады,деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Заңсыз келуші - 2018» жедел-профилактикалық іс-шара өткізудің бірінші күнінде-ақ полицейлер көші-қон заңнамасын 400-ден астам бұзушыларын анықтаған, оның ішінде 351-і шетелдіктер. Аталған құқықбұзушылықтардың 209-ы ескертілген, 34-іне әкімшілік айыппұлдар салынып, 128 шетелдік әкімшілік қамауға алынды.
Сондай-ақ, ОҚО ІІД-нің қабылдап-бөлу мекемелеріне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ – 35 адам орналастырылды. 56 шетел азаматтарына ел аумағында болу мерзімдері қысқартылып, 42 шетелдіктер сот шешімдерімен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылған. Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамағаны үшін екі шетелдік азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін және көші-қон саласында заңды бұзғанына ҚР 60-тан астам тұрғыны әкімшілік жаупкершілікке тартылған.
Көші-қон заңнамасы саласында қателіктерді анықтауға бағытталған «Заңсыз келуші - 2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 24 мамырына дейін жүргізіледі.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы