ОҚО-да есірткі сатқан экс-полицейлер сотты болды

0
1 182

Полицейлер нашақорларға марихуана сатып келген. Сондай ақ бұрынғы тәртіп сақшылары қаруды заңсыз сақтағаны үшін де жауапқа тартылды.


ОҚО-да есірткі сатқан экс-полицейлер сотты болды

ERNUR.KZ. ОҚО Отырар аудандық ІІБ басшыларының бұрынғы орынбасарларына сот үкімі оқылды. Экс шенділер есірткі тасымалы үшін айыпталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Полицейлер нашақорларға марихуана сатып келген. Сондай ақ бұрынғы тәртіп сақшылары қаруды заңсыз сақтағаны үшін де жауапқа тартылды. Сот үкімімен олар он жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал, ОҚО Отырар аудандық ІІБ учаскелік инспекторы пара алғаны үшін сотты болды. Экс инспектор сот үкімімен 4 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді.

"ОҚО Отырар аудандық ІІБ басшысының орынбасарлары мен инспекторына қатысты Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған ауданаралық сотында іс қаралды. Екі басшылық құрамда болған сотталушылар өз қызметін асыра пайдаланушылық, қаруды заңсыз сақтағаны үшін және есіртікіні тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды. Ал учаскелік полицей пара алғаны үшін ғана. Инспекторға бірінші сот сатысының шешімімен 4 млн 200 мың теңге айыппұл тағайындалса, апелляциялық алқаның ұйғарымымен 3 926 685 теңгеге төмендетілді"-деп мәлімдеді Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үйлестіруші судьясы Әбинұр Қарабаев.