Басқосуда тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жайын ақылдасты.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ян Коп Дирк, Алматы қаласындағы Елшілік кеңсесінің сауда-саттық жөніндегі маманы З.Садыкджанқызымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Басқосуда тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жайын ақылдасты.
Кездесу барысында аймақ басшысы қонақтарды өңірімізге келуімен құттықтап, облыстың экономикалық әлеуетімен және кәсіпкерлерге жасалып жатқан мүмкіншіктерімен таныстырды.
«Нидерланд – Қазақстан экономикасындағы ең ірі шетелдік инвестор. Сіздер жақтан елімізге тартылған инвестицияның көлемі 6 млрд. АҚШ долларына жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы да ауқымды, 5 млрд. АҚШ долларынан асты. Бұл қарым-қатынас әсіресе біздің облысымыз үшін тиімділігі ерекше болып отыр. Өңіріміз ауыл шаруашылық саласына бейім аймақ. Осы бағытта өздеріңізбен бірлесе отырып, көптеген жобаларды жүзеге асырдық. Сіздерді бұдан да тығыз байланыс орнатуға шақырамын», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Сондай-ақ, өңір басшысы қонақтарды ОҚО мен Нидерланд арасында арнайы меморандум түзуге шақырды. Келісім-шарт негізінен ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге бағытталатын болады.