Сарыағаш ауданының тұрғыны Ә.Тұрабеков өзінің ата-ананың қамқорлығынсыз қалған немере қызы А.Өмірқұлға мемлекет тарапынан баспана беруін сұрап келді. 21 жастағы азаматша 2015 жылы тұрғын үй алу кезегіне тұрған.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Аудан қалалардан келген тұрғындар аймақ басшысының қабылдауында болып, өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.
Өңір басшысының қабылдауына келген А.Назарқұл Шымкент қаласына арналған архитекторлық жобаларын ұсынды. Онда ұлттық нақышта бейнеленген көпқабатты тұрғын үйлер мен түрлі әлеуметтік нысандардың нобайын сурет түрінде көрсетті. Жоба авторы Тәуелсіздіктің сиволына айналған «Алтын адам» бейнесін енгізе отырып жасалған архитектуралық ансамбль қаламыздың, еліміздің, қала берді ұлтымыздың ерекшелігін көрсетеді, деді.
Ал, айтыскер ақын А.Леубаева Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттауда ақындардың үлесін арттыру керектігін айта келе, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Сарыағаш ауданының тұрғыны Ә.Тұрабеков өзінің ата-ананың қамқорлығынсыз қалған немере қызы А.Өмірқұлға мемлекет тарапынан баспана беруін сұрап келді. 21 жастағы азаматша 2015 жылы тұрғын үй алу кезегіне тұрған.
Сондай-ақ, мақтаралдық зейнеткер, еңбек ардагерлері М.Атабайұлы мен Ж.Абиббулаев ауданның даму және жергілікті кадрлардың кәсібилігіне қатысты мәселелерін ортаға салды. Олар аудандағы мемлекеттік мекемелерде кейбір азаматтар зейнет жасына жетсе де қызметтен кетпей отырғанын жеткізді. Олардың қатарында мектеп директорлары бар екені айтылды. Мұны естіген облыс әкімі мамандарға аталған мәселені анықтауды тапсырды.
Қабылдау соңында аймақ басшысы еңбек ардагерлеріне ел ішіндегі татулықты насихаттай жүруді ұсынды. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауда қаралған барлық түйіткілдерді зерделеп, заң аясында шешуді жауапты қызметкерлерге жүктеді.
дереккөз: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі