Ұлттық ат спорты өнерін бұқара халыққа кеңінен насихаттауға бағытталған шара орталық атшабарда белгілі шабандоз Салыбек Сағынбекұлы атындағы бәйге алғаш рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ордабасы ауданында "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" облыстық өнер фестивалі өтті. Айтулы өнер мерекесі үш бидің басын қосқан - Ордабасы тауындағы "Бірлік" монументіндегі салтанатты шарадан бастау алып, Аққойлы мешітінің тарихымен танысуға ұласты. Сонымен қатар, ұлттық ат спорты өнерін бұқара халыққа кеңінен насихаттауға бағытталған шара орталық атшабарда белгілі шабандоз Салыбек Сағынбекұлы атындағы бәйге алғаш рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Фестивалі қонақтары Қажымұқан кесенесінде қазақ балуанының рухына құран бағыштап, өзі тұрған шаңырағына бас сұқты. Бүгінгі таңда қазақ даласының батыры, күш атасы атанған Қажымұқан Мұнайтпасұлының үйінде шөбере інісі Қуанышбек Ескермес тұрады. Даңқты балуанның қолданған дүниелері мен спорттық заттары арнайы бөлмеде мұражайға айналған.
Айтулы шараға қатысушылар Қажымұқан Мұнайтпасұлы атындағы облыстық спорт мұражайы мен аудандық өлкетану музейіне де саяхаттап, құнды жәдігерлермен танысты.
Кең көлемде ұйымдастырылған фестивальде белгілі сөз зергері, Ордабасы ауданының тумасы Кәрима Оралова мен Бөрібай Оразымбетовтің айтысы өтті.
Фестиваль барысында қазақтың ұлттық тағамдар, қолөнер және қылқалам шеберлерінің туындыларынан көрме ұйымдастырылып, ұлттық спорт ойындары да ойнатылды.


