Полицейлер темір қоршауға қысылып қалған 4 жасар балақайды құтқарып алды

0
2 224

Балақайдың анасы дүкенге барып келемін деп, үйінен шығып кеткен.


Полицейлер темір қоршауға қысылып қалған 4 жасар балақайды құтқарып алды

Түркістан облысының полицейлері темір қоршауға қысылып қалған 4 жасар балақайды құтқарып алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам АПБ-нің патрульдік полиция қызметкерлері Сайрам ауданы Манкент ауылының көше бойын кезекті патрульдеу кезінде, түскі уақытта күтпеген жайтқа кез болады. Тасжол бойында орналасқан жабық тұрған құрылыс заттарын сату дүкенінің қоршауында қыстырылып тұрған 4 жасар баланы байқап қалады.
ЖПҚБ ППТ қызметтік инспекторлары полиция капитаны Нұрболат Тілеубергенов, полиция аға лейтенанты Эркин Альметов және полиция лейтенанты Ғалым Дәукеновтер темір тор қоршаудан өтемін деп, басы сыймай қыстырылып қалған әлгі баланы тез арада босатып алады.
Балақайдың анасы дүкенге барып келемін деп, үйінен шығып кеткен. Оның ізін суытпай баласы артынан жүгіріп шыққан. Осы сәтте құрылыс заттарын сататын дүкеннен ары өтпек болып, басы сыймай тұрып қалған. Сол мезетте осы маңнан өтіп бара жатқан полицейлер оны тез арада шығарып, үйіне алып барған. Оның ата-анасына алдағы уақытта балаға сақ болу керектігі есткертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.