Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ОҚО-дағы «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысымен танысты

0
1 306

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жоспардағы бағдарламадан тыс, Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде болды,-деп хабарлайды primeminister.kz.


Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ОҚО-дағы «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысымен танысты

фото: primeminister.kz

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жоспардағы бағдарламадан тыс, Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде болды,-деп хабарлайды primeminister.kz.

Халықаралық бақылау–өткізу бекеті Өзбекстанмен шекарада Жібек жолы кентінде орналасқан. Мұнда екі бағытта шекарадан өтетін адамдар мен көлік құралдарының шекаралық бақылауы жүзеге асырылады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа кеден бекеті арқылы тәулігіне 25 мыңға дейін адам және 100-ге жуық көлік өтетіні туралы айтылды. Сонымен қатар «ҚазЖолСервис» ЖШС басшысы Е. Диқанбаевтың айтуынша, автовокзалдың жаңа ғимаратының салынуы екі ел арасындағы жолаушылар ағынын және жүк тасымалының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев БӨБ қызметі, кеден аумағын кеңейту, Сарыағаш ауданының аумағында орналасқан төрт кеден пунктін көріктендіру жұмыстары туралы баяндады.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды. Сапардың мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысу.