РЕСМИ: Прокурор Д.Жүнісов пен қасындағы екі айыпталушыға қандай жаза тағайындауды сұрады?

0
1 106

230 миллион теңгеден астам мемлекет қара­жатын заңсыз иемденіп алғаны үшін кінәлі деп тануды сұрады.


РЕСМИ: Прокурор Д.Жүнісов пен қасындағы екі айыпталушыға қандай жаза тағайындауды сұрады?

Түркістан облысының Қоғамдық да­му басқармасының бұр­ынғы басшысы елдегі төт­енше жағдай кезінде 230 миллион теңгеден астам мемлекет қара­жатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. Ақпаратқа сүйенсек, прокурор пандемия ке­зінде 230 миллион те­ңгеден астам мемлекет қаражатын заңсыз иеленіп алған деп айы­пталған Дамир Джунус­овке белгілі бір лауазымды атқару немесе белг­ілі бір қызметпен ай­налысу құқығынан айы­ра отырып, 9 жыл бас бостандығы­нан айыру түріндегі жаза қолдануды сұраған.


Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы соттан Түркістан облысының Қоғамдық да­му басқармасының бұр­ынғы басшысы Дамир Джунусовты елдегі төт­енше жағдай кезінде 230 миллион теңгеден астам мемлекет қара­жатын заңсыз иемденіп алғаны үшін кінәлі деп тануды да сұрапты.


Тиісінше, 10 тамызда Түркістан қалалық сотында тар­аптардың жарыссөздері өткен.


"Д.Джунусовтан басқа осы бап бойынша тағы екі айыпталушы бар — Динмухамед Жакипбе­ков пен Ербол Дайраш­ов. Біріншісіне де проку­рор осындай жаза сұр­ады, ал Дайрашовқа белгілі бір лауазымды атқару немесе белг­ілі бір қызметпен ай­налысу құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 8 жыл бас бостандығы­нан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады", - делінген құзіретті органның ресми жауабында.