Кез-келген уақытта 14-24, 51-51-51 сенім телефонына хабарласып, memkyzmet.kz сайтында диалогтік байланысқа шығуға болатынын айтты.
Астанадан келген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы, студенттерімен кездесті. Елордалық делегация «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі» тақырыбында семинар өткізді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шараға модераторлық жасаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Көмекбаев Али Амантайұлы жиын мақсатын түсіндіріп, кез-келген уақытта 14-24, 51-51-51 сенім телефонына хабарласып, memkyzmet.kz сайтында диалогтік байланысқа шығуға болатынын айтты.
Семинар барысында агенттіктің атқарып жатқан жұмыстары жайлы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға кеңінен тоқталды.Мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстырушы көпір ретінде қызметтің барлық салаларында азаматтық бақылауды жүзеге асыратын арнайы мониторингтік топ мүшелерімен кездесуден жастар көп ой түйіп, білімдерін кеңейтті.
Оқу орда жастары «Өзіңнен баста!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес республикалық акциясының эстафетасын жалғап, бірауыздан қолдайтындарын білдірді.
Айта кетейік, Оңтүстік өңіріне арнайы іс-сапармен келген арнайы мониторингтік топ мақсаты – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, қоғамдық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, бірқатар мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің жұмысымен танысу.