Сарыағашта жоғалған 3 жасар бүлдіршіннің денесі өлі табылды

0
600

Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кеткен.


Сарыағашта жоғалған 3 жасар бүлдіршіннің денесі өлі табылды

ERNUR.KZ. Сарыағашта осыдан үш күн бұрын жоғалып, бүкіл ел болып іздеген 3 жасар Асылымның денесі 18 мамыр күні түнде сағат 22:50 шамасында көршісінің әжетханасынан табылған.

«3 күн іздеген 3 жасар періштенің денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, Халайық», — деп жазды журналист Гүлмира Абықай facebook парақшасында.

Мәлім болғандай, оқиғаның қалай болғанын қазір полиция анықтап жатыр. Баланың денесіне медициналық сараптама жасалады.