Ол жаттығу залындағы шкафтарды ашып, әмияндарды ұрлап кетіп жүрген.
ERNUR.KZ. Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің қызметкерлері дене шынықтыру залына ікелгендердің заты мен ақшасын ұрап келген күдіктіні ұстанды. Ол жаттығу залындағы шкафтарды ашып, әмияндарды ұрлап кетіп жүрген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ағымдағы жылдың 30 сәуірі күні Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, онда Шымкент қаласындағы дене шынықтыру залдарының біріндегі жеке шкафында болған әмиянынан белгісіз тұлға ақшасын ұрлап кеткенін көрсетеді. Сол күні полицияға тағы үш жергілікті тұрғын дәл сол дене шынықтыру залында ақшаларын ұрлатып алғанын айтып арызданады.
Орын алған ұрлық деректері бойынша Абай ПБ-нің қызметкерлерінен құрылған жедел – іздестіру тобы учаскелік инспекторлармен бірлесе іздеу шараларын қолға алған. Нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны, жас жігіт анықталып ұсталды.
Қазіргі таңда полицейлер ұсталған күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үстінде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


