Шымкентте көркем гимнастикадан жастар арасындағы ел біріншілігі өз мәресіне жетті.

0
1 677

Сайыстың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының жүлде қоры 9 алтын,10 күміс, 11 қоланы құраған. Оңтүстіктің намысын қорғаған гимнастшы Алина Адильханова 5 алтынды жеңіп жеңіс тұғырынан көрінді. Жекелей және топтық жаттығуларда бақ сынасқан ол осымен үшінші рет ел чемпионы атанды.

Финалда юниорлар арасында Абдрашитова Ангелина 2-ші орын иеленсе, лентамен өнер көрсету бойынша Шаяхметова Даяна, құрсау шеңберден Абитова Роза жеңімпаз атанды. Ал алтындарды қанжығаға майлаған Адильханова Алина бұл жолы да жарады. Молдаханова Тоғжан күмісті еншілеп, Абдирбекова Даяна қоланы қанағат тұтты.

Сретте: Роза Абитова , Сағина Мураткызы , ЭльжанаТаниева , Дина Орынбасарова - жастар арасында командалық есепте ел чемпиондары

Жарыстың бас төрешісі - халықаралық дәрежедегі төреші Зарина Абдулкаримова . Жарыс Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Аталған чемпионатқа еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 300-ден аса спортшылары қатысты.