Шымкентте «Көршілер бақылауы» атты жаңа жоба жұмысын бастады

0
1 800

Ішкі істер департаментінің бастамасымен іске қосылған арнайы желі қызметі – «Көршілер бақылауы» деп аталады. Оған сәйкес енді тұрғындар қандай да бір тәртіпсіздікке, бұзақылыққа куә болса бірден 27-41-18 сенім нөміріне қоңырау шалуы тиіс.


Шымкентте «Көршілер бақылауы» атты жаңа жоба жұмысын бастады

фото: иллюстрациялық

Енді қала жұртшылығы ауласында немесе үйінінің маңында қандай да бір тәртіпсіздікке, бұзақылыққа куә болса, онда бірден арнайы сенім телефонына хабарлама түсіруіне мүмкіндігі бар. Маңызды жобаны Абай полиция бөлімінің мамандары алғашқылардың бірі болып елге кеңінен таныстыру жұмысын жүргізуді қолға алды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ tvk арнасына сілтеме жасап.

Ішкі істер департаментінің бастамасымен іске қосылған арнайы желі қызметі – «Көршілер бақылауы» деп аталады. Оған сәйкес енді тұрғындар қандай да бір тәртіпсіздікке, бұзақылыққа куә болса бірден 27-41-18 сенім нөміріне қоңырау шалуы тиіс. Ең бастысы – айтылған арыздар құпиялығын сақтайды. Үшінші мегаполис жұртшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылып жатқан жоба аясында қылмыстың алдын алуға тұрғындардың өздері де атсалысады.

-Бізде мынау көрші бақылауы назарына Абай полиция бөлімі қызметкерлерімен қолға алынған. Қазіргі таңда осы халықтарға насихаттау түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Халықтың құндылық мүддесін қорғау біздің басты мақсатымыз. Және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қылмыскерлерді көрген жағдайда бізге сенім телефонымыз көрсетілген. Соған аты жөнін айту міндет емес. Бізге ескертсе қылмысты дер кезінде ізін суытпай ашуға үлес қосады,-дейді Шымкент қалалық ІІД Абай полиция бөлімінің полиция майоры Көпжасар ЕСҚАРАЕВ.