​Шымкентте «менингиттен қайтыс болды» деген бозбала бүгін аттестат алуы тиіс болатын

0
1 588

Көз жұмған мектеп түлегіне қатысты ОҚО денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімдеме жасады.


​Шымкентте «менингиттен қайтыс болды» деген бозбала бүгін аттестат алуы тиіс болатын

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Шымкентте «менингит жұқтырды» деген күдікпен қайтыс болған бозбала бүгін аттестат алуы тиіс болатын, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласындағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 мектеп лицейінің 11 фмк-3 сыныбының оқушысы К.С. 15 маусым күні жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмды. Басты себеп - менингит диагнозы болуы мүмкін. Шымкент қаласы Тассай елдімекені 191 орам тұрғыны 03.07.2000 жылы туған бозбаланың жұқпалы аурулар ауруханасында менингитке күдіктеліп қайтыс болғанын қалалық білім бөлімі де растап отыр. Қолына аттестат алып үлгірмеген жас түлек 3 шілдеде 18 жасқа толар еді. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп лицейдің ұжымы мен биылғы мектеп бітіруші түлектер, яғни бозбаланың қатарластары бүгінгі салтанатты іс шараларды өткізбейтін боп келісті. Айта кетейік, ауруханада көз жұмған мектеп түлегі бүгін сыныптастарымен бірге аттестат тапсыру рәсіміне қатысу керек болатын.

Көз жұмған мектеп түлегіне қатысты ОҚО денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімдеме жасады. "2018 жылғы 15 - маусымында сағат 06.25-те Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында "Болжамды менингит инфекциясы" диагнозымен 2000 жылы туылған науқас жансақтау бөліміне түсіп, сағат 07:05-те қайтыс болды. Науқасқа қойылған "Болжамды менингит инфекциясы" диагнозы негізінде алынған зертханалық материалдар зерттеліп, қорытынды диагноз қойылатын болады", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсіп, бақилық болған бозбала бүгін мектепте аттестат алуы керек болатын. Марқұм түлек білім алған ШымкенттегіӨ.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп лицейдің ұжымы менбозбаланың сыныптастары бүгінгі салтанатты мерекелік шаралардың барлығын өткізбейтін болды. Кей ата-аналардың сөзінше, мектептегілер және бітіруші түлектертолық профилактикалық тексеруден өткізілуде екен.