Шымкентте жалғызбасты ана мен екі баласын өлтірген жігіттің соты басталады

0
1 194

Қаладағы өндіріс орындарының асханасында күннің атысы кештің батысы жұмыс істеген жалғызбасты әйелдің үлкен ұлы 22 жаста болса, кіші ұлы небәрі 13 жаста еді.


Шымкентте жалғызбасты ана мен екі баласын өлтірген жігіттің соты басталады

ERNUR.KZ. Шымкентті ғана емес, бүкіл елдің жағасын ұстатқан қанды оқиғаны тергеу аяқталып, қазір қылмыстық іс материалдары сотқа өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Іс Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қарайтын болады.

2018 жылдың ақпан айында Шымкенттегі жеке тұрғын үйлердің бірінен 50 жастағы анасы мен екі ұлының өлі денелері табылған болатын. Қаладағы өндіріс орындарының асханасында күннің атысы кештің батысы жұмыс істеген жалғызбасты әйелдің үлкен ұлы 22 жаста болса, кіші ұлы небәрі 13 жаста еді.

Бүкіл бір отбасыны жер жастандырған күдіктіні тәртіп сақшылары бірнеше күннің ішінде Тараз қаласынан қолға түсірген. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған, марқұм әйелдің үлкен ұлының танысы болып шықты. Марқұмдардың туыстарының сөзіне қарағанда үлкен ұлы компьютерлік ойындарға әбден қызығатын көрінеді. Сөйтіп, күдіктіге қарыз боп қалыпты мыс. Сол қарызының өтеуі бүкіл отбасының өмірі болған десті туыстары.

Қазір қылмыстық іс материалдарын Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты өндіріске алды. Сотталушы 26 жастағы Олег Власкин.


Бөлісу