Қала әкімі орынбасарының сөзіне қарағанда 73 үйдің 33-і, оның ішінде Түркістан моншасының қожайыны өтемақы алған екен. Алайда өтемақы мөлшері жөнінде нақты айтпады.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Түркістан моншасы сүрілетін болды. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов Ескі қалашықты реконструкциясының ашылуында сөз етті.
Жобаның бірінші кезеңінде Д. Қонаев даңғылын ұзарту мақсатында аталмыш моншадан бөлек 73 үй сүрілетін болыпты. Қала әкімі орынбасарының сөзіне қарағанда 73 үйдің 33-і, оның ішінде Түркістан моншасының қожайыны өтемақы алған екен. Алайда өтемақы мөлшері жөнінде нақты айтпады.
Жоспар бойынша Д. Қонаев даңғылы Забадамға дейін, ал М.Х. Дулати көшесі Ескі қалашыққа дейін жететін көрінеді.


