Шымкентте жергілікті билік өкілдері кәсіпкерлермен кездесті. Ашық диалогпен өткен кездесуге қатысушылардың әрқайсысы түйткілді мәселелерін ортаға салып, жұмыс барысында кездесетін әкімшілік кедергілер жөнінде айтты,-деп хабарлайды ERNUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкентте жергілікті билік өкілдері кәсіпкерлермен кездесті. Ашық диалогпен өткен кездесуге қатысушылардың әрқайсысы түйткілді мәселелерін ортаға салып, жұмыс барысында кездесетін әкімшілік кедергілер жөнінде айтты,-деп хабарлайды ERNUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ОҚО кәсіпкерлер палатасының басшысы Асқар Әбубәкіров қазіргі таңда әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында біршама жұмыстар жасалып жатқанын айтып өтті. Дегенмен, кәсіпкерлердің әлі де шешімін таппаған сұрақтары бар. Мәселен, белгілі бір аумақта коммуникация бар екенін іскер азаматтардың барлығы бірдей біле бермейді.
Кездесуде билік пен кәсіпкерлердің өзара жұмыс жасауы егжей-тегжей талқыланды. Атап айтқанда, Шымкент қаласының әкімі кәсіпкерлікті дамыту барысында әкімшілік рәсімдерді заңға сәйкес жеңілдету үшін арнайы комиссия құруды ұсынды. Шаһар басшысы, бұған қоса, инвестиция жұмылдыруға баса мән берді.
- Шымкент – бай қала, бірақ, біз инвесторларға жағдай жасауымыз керек, - дейді Нұрлан Сауранбаев. - Бізде жүзеге асыруға болатын қызықты жобалар жетерлік. Қаржы болса - кедергі жоқ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің қағидаттарын белсенді түрде пайдаланыңыздар. Бұл, әсіресе, балабақшалардың құрылысына қатысты. Ал биылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде мектеп те салынатын болады.
Мегаполистің сәулеттік көрінісі де әкімнің назарынан тыс қалған жоқ.
- Шымкенттің өзіндік стилі мен келбеті болуы керек, - дейді Нұрлан Ермекұлы. - Бұл шаһарымыздың туризм орталығына айналуы үшін маңызды. Оған қоса Шымкент 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы атанғалы отыр. Ал қаламыздағы көптеген нысандар «қызыл» сызықта салынған, біраз көшелердің жарықшамдары нашар.
Екі тараптың талқылауында қоғамдық көліктер, жаңа автобустарды әкелу мәселесі де сөз болды.
- Мен кәсіпкерлік саласында 9 жыл жұмыс жасадым. Сондықтан кәсіпкерлердің мәселесін білемін.Билік пен кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынасын жақсартып, әкімшілік кедергілерді азайту қажет. Тұрғындарға жағдай жасайтындарды қолдау керек,-деп қорытындылады жйында Нұрлан Сауранбаев.