Созақта тұрғын үй бағдарламасын түсіндіруге арналған жиын өтті

0
1 187

Аудан тұрғындарына "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алудың жолдары түсіндірілді


Созақта тұрғын үй  бағдарламасын түсіндіруге арналған жиын өтті

Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "7-20-25" әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасының түсіндіруге арналған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Әлмағанбет ашып, жүргізіп отырды. Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әбенұлы Бауыржан хабарлама жасап, тұрғын үй кезегінде тұрған санаттарға тоқталып, бұл бағдарламаның баспаналы болуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Облыстық филиалының маманы Асанов Жанболат Талғатұлы бағдарламаны несиелендіуге қатысты мәселелерге тоқталды.

Тұрғындар тарапынан бағдарламға қатысты сауалдар қойылды. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Убайдин Бахтыбек Тоқбергенұлы сұрақтарға жауап беріп, жиынды қортындылады.

Жиынға ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері, мекеме басшылары, білім беру, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.