Тоймен аяқталған сот: Шымкентте 15 жасар қызды жүкті еткен бозбаланың соты болды

0
1 605

Сотта кәмелет жасына толмаған бозбала мен 15 жастағы жасөспірім қыздың жыныстық байланыста болғаны үшін қозғалған қылмыстық іс қаралды. Екеуінің арасындағы бұл байланыс екі жылдан бері жалғасып келген.


Тоймен аяқталған сот: Шымкентте 15 жасар қызды жүкті еткен бозбаланың соты болды

иллюстрациялық фото: bashny.net

ERNUR.KZ. ОҚО мамандандырылған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралған қылмыстық іс үйлену тойына ұласты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сотта кәмелет жасына толмаған бозбала мен 15 жастағы жасөспірім қыздың жыныстық байланыста болғаны үшін қозғалған қылмыстық іс қаралды. Екеуінің арасындағы бұл байланыс екі жылдан бері жалғасып келген. Тек жасөспірім қыздың жүкті болуы себепті медицина қызметкерлеріне жүгінгенде ғана барып, дәрігерлер құқық қорғау қызметкерлеріне хабар берген. Қыздың ата-анасы да полицияға шағым келтірген. Тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп, іс материалдары сотқа өткен.

Сот барысында жәбірленуші қыз сотталушыға ешқандай да шағымының жоқ екендігін мәлімдеген. Сол кезде ересектер жағы да, яғни қос тараптың ата-анасы да бейбіт келісімге келіп, беташар өткізбекке бекінгендерін мәлімдеген. Сөйтіп, 2001 жылы туған бозбала мен 2003 жылы туған жасөспірім қыздың үйлену тойы өткізілетін болып уағдаласқан. Сот тараптардың бейбіт келісімге келгендігін, шағым арыздың жоқ екендігін ескеріп, қылмыстық істі қысқартқан.

"ҚР ҚК нің 68 бабына сәйкес, тараптардың бітімге келуіне байланысты істі қысқарттық. Айта кетейін, бітімгерлікке келуге медиатордың көмегі тиді", - дейді ОҚО кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі соттың төрағасы Қанатбек Қоңыратбаев,. Енді сотталушы үшін сот процесі тойға ұласпақ.