Төлеби ауданында өткен сенбілікке 14 техника тартылып, 700-ден аса аудан тұрғындары қатысты.
Төлебиде өткен сенбілікте 44 тонна күл-қоқыс шығарылды,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі,
Төлеби ауданында көктемнің алғашқы күндері жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте аудан аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілді. Оған 14 техника тартылып, 700 аса аудан тұрғындары қатысты.
Онда 17 шақырым арық-атыздар және ирригация жүйелері, 83 көше, 357 күл-қоқыс үйінділері тазартылып, жойылды.
Ендігі кезекте ағаштар мен бұталарды отырғызу, гүлзарларды тазалау, жасыл желектерді көктемгі-жазғы маусымға дайындау жұмыстары алдағы уақытта да жүргізілетін болады.