Цифрлық даму министрлігі түркістандытармен кездесті

0
248

Бірінші вице-министр өз сөзінде еліміздегі және облыстағы ІТ саласының дамуы, Түркістанда «Smart city» енгізу барысы туралы айтты.


Цифрлық даму министрлігі түркістандытармен кездесті

Цифрлық даму министрлігі Түркістан облысында халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады. Шараға Министрліктің Мемлекеттік қызметтер комитеті мен Телекоммуникациялар комитетінің басшылығы, ұялы байланыс операторлары, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және облыс әкімдігінің өкілдері қатысты.


Бірінші вице-министр өз сөзінде еліміздегі және облыстағы ІТ саласының дамуы, Түркістанда «Smart city» енгізу барысы туралы айтты.