Облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен, сертификаттармен марапатталады.
«Бірлік» жеке қоры «ҚР-ның 100 үздік маманы – 2022» республикалық жобасын өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының үздік мамандарын анықтау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, сондай-ақ жеңімпаздардың еңбек әдістері мен тәсілдерін зерделеу негізінде ҚР-ның әртүрлі салаларының үздік қызметкерлерін көтермелеу.
Бұл байқауғамемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау,білім, мәдениет және спорт, әлеуметтік қызмет, шағын және орта бизнес, құқық қорғау жүйесі өкілдері, жұмысшы мамандықтар және азаматтық қызметкерлер жіберіледі. Конкурс облыстық және республикалық кезеңдер бойынша өткізіледі. Оған 1 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер қатыса алады.
Үміткерлер өз жұмыстарын және өтініштерін 2022 жылғы 10 наурызға дейін fondbirlik@gmail.com электронды почтасына жолдауы тиіс. Байқау туралы толық ақпаратты +7 775 888 99 50 нөміріне WhatsApp желісі арқылы хабарласып,алуға болады.
Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен, сертификаттармен марапатталады. Ал республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушылары «ҚР-ның 100 үздік маманы – 2022» форумына шақырылып, ресми түрде дипломға ие болады.