ТҮРКІСТАН: 1300 шақырымға жуық жол пайдалануға беріледі

0
856

35 шақырымында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: 1300 шақырымға жуық жол пайдалануға беріледі

Түркістан облысында биыл 1300 шақырымға жуық жол пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы аумағында 2023 жылы жалпы 1586,4 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді. Жыл қорытындысымен 1282,6 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.


Қазіргі таңда Түркістан-Шәуілдір бағытындағы 64 шақырымдық жолдың 35 шақырымында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Түркістан қаласының әуежайы мен Кентау қаласын қосатын 26 шақырым жаңа жол биыл қыркүйек айында толық пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, Сауран ауданының Қарнақ, Ойық, Шоқтас ауылдарын облыс орталығы Түркістан қаласымен қосатын және Шорнақ, Майдантал елді мекендері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне шығатын 76 шақырым облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстары жүруде. Бүгінгі таңда 24,2 шақырымы аяқталып, қалған нысандар биыл жыл соңында толық пайдалануға беріледі.


Бұдан өзге, Түлкібас ауданының Машат, Ынтымақ, Азаттық, Шұқырбұлақ, Майтөбе бағытындағы 32,7 шақырымды құрайтын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Жамбыл облысы мен Түркістан облысын байланыстыратын, сондай-ақ Созақ ауданының елді мекендерін аудан және облыс орталығына қосатын 152 шақырымдық облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған қоса, Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар, Көкібел, Жігерген елді мекендерін жалғайтын 17,9 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласындағы Қапланбек-Жібек жолы елді мекендерін жалғайтын 10,6 шақырым автомобиль жолына және Келес пен Шардара ауданын жалғайтын 29 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл өңірде облыстық маңызы бар жолдардың бойындағы 3 көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр.


Айта кетерлігі, Шымкент қаласының шекарасынан басталып, Зертас, Қасқасу, Диханкөл елді мекендерінен өтетін және «Тау самалы» демалыс аймағына баратын жолдың жөндеу жұмыстары жалғасуда.